Құрамына ювеналды полиция, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия, жергілікті атқарушы органдар мен білім беру мекемелерінің өкілдері енген кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтың алдын алу жөніндегі мобильдік топтар өз жұмысын жалғастыруда.
Жоғарыда айтылғандай, мобильдік топтардың жұмысы ішкі істер органдарының жасөспірімдер қылмысы мәселелеріне жедел ден қою бойынша басқа да мүдделі қызметтермен өзара іс-қимылын күшейтуге
бағытталған.
Өткен мереке күндері бұл топтар Тараз қаласының Шөлдала массивінде зерделеу жұмыстарын жүргізді. Аталған іс-шаралар барысында 37 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды.
Оның ішінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта сағат 23.00 — ден кейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуының- 15 дерегі , 17 — жеке басын куәландыратын жарамсыз құжаттар бойынша тұру жағдайы және қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзудың 5 дерегі бар.
Сонымен қатар, учаскелік полиция инспекторлары дүкен сатушыларымен 21 жасқа дейінгі тұлғаларға алкоголь және кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сатуға жол бермеу бойынша, ал жеке сектор
тұрғындарымен балалардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үйден тыс жерде болуына тыйым салу туралы әңгімелер өткізді. Ата- аналарға балаларының мектептегі сабаққа себепсіз келмегені үшін жауапкершілік қарастырылатыны туралы ескертілді.
Тараз қ. Полиция басқармасының 2- полиция бөлімінде есепте тұрған 112 есепке алынған тұлғаға қатысты бұзушылықтарды анықтау мәніне тексеру жүргізілді.
Сонымен қатар құқық бұзушылық деректері бар отбасылар мен кәмелетке толмағандар тарапынан құқық бұзушылықтар жасауды қайта болдырмауға, сондай — ақ мүдделері бойынша бос уақытты пайдалы өткізуге тартуға бағытталған профилактикалық медициналық-әлеуметтік іс-шаралар кешені жүргізілетін болады.
Аталған бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жалғасатын болады.