Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты, Тараз қаласы әкімдігі, Жамбыл облыстық білім басқармасы, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының бірлесуімен «Біз қылмысқа қарсымыз» атты жеңіл атлетикалық жүгірісі өткізілді.
Іс-шараға облыстық, қалалық соттардың мамандары, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері, Тараз қаласындағы университеттер мен колледж студенттері, мектеп оқушылары, яғни 14 жастан 29 жас аралығындағы 892 жастар қатысты.
Аталған іс-шараның мақсаты: Жас ұрпақтың мәдениетін, тәрбиелі және салауатты өмір сүруін қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды дене шынықтыру және спортқа жүйелі түрде шұғылдануға тарту, кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің қылмыстар мен құқықбұзушылық әрекеттерін алдын алу жөнінде тиісті жұмыстар жүргізу болып табылады.
Іс-шараны ювеналдық соттың төрағасы Е.М.Дүйсенбаев салттанатты түрде ашып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында 2019 жыл-жастар жылы деп белгілегенін айтты. Бірінші байлық -денсаулық. Осы баға жетпес қазынаны сақтау – әрбір адамның басты міндеті. Бұл мәселеге Жоғарғы Сот Төрағасы да мән беруде. Атақты дәрігер Н.Амосовтың айтқандай «Дәрігерлер ауруды емдейді, ал денсаулыққа өзін қарауын керек».
Тараз қаласының әкімі Қ.Досаев дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылатындығын айтып өтті.
Сондай-ақ, жеңіл атлетикалық жүгірістің қатысушылары төрт топқа бөлінді. Бірінші топқа 14 жастан 18 жасқа дейінгі қыздардан құралған топ. Екінші топқа 14 жастан 18 жасқа дейінгі ұлдардан құралған топ. Үшінші топқа 18 жастан 29 жас аралығындағы ұлтардан құралған топ. Төртінші топқа 18 жастан 29 жас аралығындағы қыздардан құралған топ.
Қатысушылар тіркеуден өтіп, бастапқы ысқырықты күте отырып, әуенді әнмен жаттығу жасады.
Шара соңында жеңімпаздарға дипломдар мен құнды сыйлықтар табыс етілді.