Облыс орталығында мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс жүргізу секторы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 8 түрі бойынша ұйымдастырылатынын атап өту керек.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек 2024 жылы Тараз қаласы бойынша 16970 мүгедектігі бар адам тіркелген. Олардың ішінде I-топ 1690, II- топ 6172, III-топ -6305, 18 жасқа дейінгі мүгедектікі бар — 2803 адам.
Мүгедектерге тағайындалған көмек түрлері Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы іске асырылады. Жыл басынан бері мұнда 7013 өтініш түскен, 4314 орындалды, қалған өтініштердің орындалуы күтілуде. Мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету бойынша 2024 жылы жергілікті және республикалық бюджеттен 680599,0 мың тенге қаржы қаралған.
Бюджет түрі |
2022 жылға қаралған қаражат |
2023 жылға қаралған қаражат |
2024 жылға қаралған қаражат |
Республикалық |
167705,0 |
305192,0 |
498041,0 |
Жергілікті |
158442,0 |
194517,0 |
118558,0 |
Барлығы |
326147,0 |
499709,0 |
680599,0 |
Қозғалу қиындығы бар І-ші топтағы мүгедектерге 2024 жылға 209724,0 мың теңге қаржы бөлінген. Нашар еститін мүгедектерге 2024 жылға жергілікті бюджеттен 52102,0 республикалық бюджеттен 63305,0 қаржы бөлінген. 2024 жылы қозғалуға қиындығы бар І топ мүгедектерге инватакси қызметтерін «Шапағат» корпоративтік қоры ұсынады. Оларға бөлінген қаражат – 22453,0 тг және І топ, көзі көрмейтін мүгедектерге инватакси қызметін – «Өмір сапасы» корпоратив қоры жүргізеді. Оларға бөлінген қаражат – 12120,0 тг. Бұл қорларда 5 бірдей көлік бар.
Мүгедектігі бар азаматтарға мемлекет тарапынан ұсынылатын қаржылай көмек пен әлеуметтік қызметтерден бөлек көңілдерін аулап, шаттыққа бөлеу мақсатында, олардың мәселесін назардан тыс қалдырмай, көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мақсатында ауқымды шаралар ұйымдастырылады. Мәслен, 5 қаңтар күні қалалық ардагерлер кеңісінде жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша төлетін әлеуметтік төлемдер туралы семинар- кеңес өткізілді. Ал «Жамбыл-Тараз» газетінің 2024 жылғы 26 қаңтардағы № 8 санында «Пандустарды орнатудың стандарты бекітілді» атты мақала жарияланды. Сонымен қатар бөлім басшысының «Социальная ответственность государства» атты интервью жарияланды. «Жамбыл-Тараз» газетінің 13 наурыз күнгі №20 санында «Әлеуметтік көмек кімге көрсетіледі?» мақаласы жарияланды. 12 наурыз күні «77» телеарнасында «Мүгедектігі бар адамдар жеке көмекшілер қызметін қалай алады?» атты сюжет көрсетілді. 17 сәуірдегі «Жамбыл-Тараз» газетінің №30 санында «Денсаулықты оңалтудың оңтайлы жолы» атты мақала жарияланды.
Мүгедектерге кедергісіз ортаны қалыптастыру мақсатында әлеуметтік мәселелер жөніндегі қалалық консультативтік-кеңесші ведомствоаралық комиссиясы құрылып, 2024 жылға жұмыс жоспары бекітілген. Жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда. «Аманат» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасының 84-тармағына сәйкес, мүгедектігі бар адамдар үшін 2024 жылға 55 нысан бекітілді. 2024 жылғы бейімделуге тиіс 55 нысанның 36 нысанында толықтай бейімделу, 15 нысанда бейімделу жұмыстары ішінара жүргізілген,4 нысанда бейімделу жүргізілмеген. Бейімдеу жұмыстарына барлығы 18,4 млн теңге қарастырылған. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау ақпараттық порталындағы «invo.gov.kz» Қолжетімділіктің Интерактивті картасына қалада орналасқан 293 нысанның төлқұжаты енгізілген. Бөлім тарапынан жүргізілген жұмыстары Бөлімнің әлеуметтік парақшаларында орналастырылып тұрады (aleumet_taraz, Озсп Тараз).