Тараз қаласы №2 сотында өткізілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар» тақырыбында семинар өтті.
Тараз қаласы №2 сотында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.
Семинарға Тараз қаласы №2 сотының судьялары және сот қызметкерлері қатысты.
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы семинар сабақ барысында Тараз қаласы №2 сотының судьясы А.У.Исабаева, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар», яғни 2017 жылғы 18 сәуірдегі № 58-VІ Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме берді. Сонымен қатар, ҚР ҚК-нің 46-бабына енгізілген, жаза өтеу режиміндегі өзгерістерді атап өтті.
Сот судьялары Н.А.Дауылбаев, Ж.Е.Байдаулетова, А.Ш.Корабаева, Е.Б.Жаманқұлов, А.Е.Дильдабаевпен, «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнама бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 31 наурыздағы № 3 Нормативтік қаулысының 17 тармағы бойынша түсініктеме берілді.
Қылмыстық-процесстік Заңдағы маңызды өзгерістерді судья А.Е.Дильдабаев баяндады. Ол өзінің баяндамасында, осы нормативтік қаулының 8-тармағына сай, істі алдын ала тыңдау хаттамасында, жасаған қылмысы үшін қылмыстық заңда өлім жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы, сонымен қатар, ҚР ҚК-нің ерекше бөлімінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін сотталушыға, айыпталушыға оның ісін алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішхат беру құқығы түсіндірілгенін, осы мәселе бойынша оның ұстанымын, мәлімделген өтінішхат бойынша тараптардың пікірін көрсету қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар, тергеу судьясы Е.Б.Жаманқұлов, осы қаулының 14-тармағына сай, прокурордың, тергеу және анықтау органдарының іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне жасалған шағымдарды тергеу судьясы үш тәулік ішінде сот отырысын өткізбей жеке-дара қарайтынын, егер заңды және негізді шешім қабылдау үшін маңызы бар мән-жайларды зерттеу қажет болса, тергеу судьясы шағымды он тәулік ішінде жабық сот отырысында тиісті адамдар мен прокурордың қатысуымен қарайтынын, олардың келмеуі шағымды қарауға кедергі келтірмейтінін айтты. Тергеу судьясының өкімі бойынша сот отырысы бейнебайланыс режимінде өткізілуі мүмкін. Сот отырысы барысында сот отырысының хаттамасы жүргізіледі. Қажет болған кезде тергеу судьясы қосымша материалдарды талап етіп алдырып, тиісті адамдарды шақыруға және олардан сұрақ алуға құқылы. Әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағым жасалып отырған лауазымды адамдар соттың сұрау салуы бойынша үш тәулік ішінде мұндай әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасауға және шешімдерге негіз болған материалдарды сотқа ұсынуға міндетті екенін атап көрсетті.
Семинар сабағының соңында сот судьялары аталған Заңдағы өзгерістерді талқылап, өзара пікірлерімен алмасты.
Тараз қаласы №2 сотының кеңсе меңгерушісі Ж.Құтымбетова