Тараз қаласы №2 сотында теория мен практиканы ұштастыру мақсатында сот төрағасы Е.Дүйсенбаев «Білім» кәсіби гуманитарлық-техникалық колледж студенттерімен кездесті.
Іс-шараны аша отырып Е.М.Дүйсенбаев, студенттерге демократиялық мемлекетті дамытуда сот жүйесі басты саласының бірі екендігін, сондай-ақ қылмыстық істер мен материалдардың қаралу ерекшеліктерін айтты.
Кездесу барысында студенттер сот кеңсесінің жұмысымен, цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерімен, сот отырысы залдарымен танысты, сондай-ақ түскен сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.
Іс-шара соңында сот төрағасы студенттерге білім алуда сәттілік тілеп, еліміздің лайықты азаматтары болуына тілек білдірді.