2 мамырда «Тараз» футбол клубы өз алаңында “Ақ жайық” командасын қабылдап, 3:1 есебімен жеңді.
Ойынның бірінші кезеңінде екі команданың да қақпасына гол кірмеді. Қысқа үзілістен кейін жерлестеріміз жиырма минуттың (49, 62-минуттар) ішінде екі гол салып үлгерді. Ойынның 71-минутында қарсыластар есепті қысқарта білді, алайда тараздық Диас Орынбасар дубль авторы атанып, есепті 3:1 есебімен қорытындылады. Оның бірінші соққан голы алыстан соғылса, екіншісі тіпті бос қақпамен жалғыз қалды.
Осы ойынды 2 мыңнан аса жанкүйер тамашалаған
Посмотреть эту публикацию в Instagram