Талас ауданында Қазақстанда натрий пиросульфитін өндіретін алғашқы зауыт салынды.
Бүгінгі таңда «Karatau Chemicals» ЖШС («Koyuncu Group» түрік инвесторы) жабдықты орнату процесін жүргізуде.
Жалпы құны 3,5 млрд теңге болатын жоба жылына 25 мың тонна өнім шығаруды көздейді. 30-дан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
Жаңа кәсіпорын импортқа тәуелділікті едәуір азайтады. Бұдан бөлек, болашақта аммоний сутегі сульфаты (қамыр қопсытқыш), калий метабисульфиті, натрий сульфиті және жеке күтім мен гигиеналық өнімдер өндірісін іске қосу жоспарда бар.
Жақын арада өндіріс аумағын көгалдандыру жұмыстары басталады. Кәсіпорынды іске қосу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуына мониторинг жүргізілуде.
Жамбыл облысының әкімдігі