Талас ауданы, Ойық ауылында дене шынықтыру — сауықтыру кешені салынды. Спорт кешенінің құрылысын аяқтауға 387,8 млн.теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Мердігер «АКМ Групп» ЖШС.
Сонымен қатар, Қаратауда «Karatau Chemicals» зауыты іске қосылды. «KARATAU CHEMICALS» ЖШС-нің құны 2,88 млрд. теңгені құрайтын пиросульфат натрий өндіру жобасы (жылына 25 мың тонна өндіру, жер телімі – 20,0 га, жұмыспен қамтылатындар – 31 адам, іске асыру мерзімі – 2024 жылдың тамыз айы). Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталып, іске қосу жұмыстары жүргізілуде.
Бұдан бөлек, Талас ауданында 2024 жылға ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау жоспары- 82 бірлік (10%). Бүгінгі күнге 69 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынып, жоспар 8,3%-ға орындалды.
Жамбыл облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі