Бүгін сайтымыздың электронды адресіне Талас ауданы тұрғынынан төмендегідей видео келіп түсті. Видео да сөз етілгендей 16 бас жылқының өлі денелері табылған. Видео авторы жылқы иелерінен жағдайдың мән-жайын сұрағанда олар: «бұл жағдайға «TalasInvestCompany» ЖШС (ресми сайты: talasinvest.com) қалдықтарының кесірі болуы мүмкін» деген жорамал келтірілген.
«TalasInvestCompany» ЖШС ресми сайтынан біле алғанымыз ол кәсіморын экологиялық таза өнім шығаруға бағытталған. Бірақ ақпараттың бәрі орыс тілінде келтіріліпті. Мемлекеттік тілде бірде — бір ақпарат жоқ. Ал, оның бас директоры болып, облысқа белгілі ғалым, профессор Бақтияр Әбілхайырұлы Алдашов. Алдағы уақытта резонанс тудырған мәселе бойынша мүдделі және тексерушілер мекемелерден ресми ақпарат күтетін боламыз.
Фото видеодан скринделді.
TURANINFO.KZ