• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Талас ауданында жел электрстанциясы іске қосылады

04.06.2020
0
Талас ауданында жел электрстанциясы іске қосылады
252
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Ағымдағы жылы Талас ауданында 77 жобаны жүзеге асыруға  5,6 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Сәрсенбі, 3 маусым күні аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев аталған ауданға  жұмыс сапарымен барып, әлеуметтік маңызы бар жобалардың қалай жүзеге асырылып жатқандығын тексерді.

Аймақ басшысы алдымен орталықтандырылған су құбырының құрылысы аяқталуға таяу қалған Майтөбе ауылына барды. Мердігер ұйым «Пырақ-Құрылыс» ЖШС нысанды маусым айының соңында тапсырмақ. Нәтижесінде елді мекендегі барлық 328 аула таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.

Сондай-ақ, өңір басшысы ауылдық дәрігерлік амбулаторияны аралап көрді. Ол медициналық қызметкерлер мен күндізгі стационарда ем алып жатқан науқастарды әңгімеге тартты.

Одан әрі облыс әкімі шалғай орналасқан Қараой ауылына барды. Жуырда ғана мұндағы 1987 жылы салынған ауылдық клубта күрделі жөндеу жұмыстары басталған. Мердігер «Умара» ЖШС нысанның шатырын, еденін ауыстыруды жоспарлаған. Облыс әкімі қабырғаларда пайда болған жарықтарға назар аударып, ғимараттың апатты жағдайда тұрғанына және қалпына келтірілмей отырғандығына алаңдаушылық білдірді. Бердібек Сапарбаев қосымша қаражат көздерін қарастырып,   ескі ғимаратты бұзып, орнына жаңа ауылдық клубын салуды тапсырды.

– Мынау ғимарат ары кетсе екі-үш жыл тұрады. Содан кейін ауыл клубын қайтадан салу керек болады. Жұмыс енді басталды, кейін кемшіліктерді түзетумен алыспау үшін уақыт барда олқылықты осы бастан жөнге келтіру қажет. Болашақты ойлаған дұрыс. Мемлекет қаржысын желге ұшырмаңыз, – деді Бердібек Сапарбаев аудан әкіміне.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жақын арада ауылда балалар ойын алаңы мен футбол алаңшасы пайдалануға берілмек.

Бүгінде «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша ұзындығы 8,3 шақырым болатын Қараой ауылындағы жолын және аудандық мәндегі 14,5 шақырымдық «Қаратау-Көктал» жолын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Бердібек Сапарбаев техникалық қадағалауға жауапты компания мен Талас ауданының әкімі Бақыт Қазанбасовқа құрылыс жұмыстарының сапасына бақылауды күшейтуді тапсырды.

Биыл Талас ауданында жалпы құны 1,3 миллиард теңге болатын 52,3 шақырым жол жөнделеді.

 Облыс әкімі «Wind Power City» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жел электр станциясына да барды. Осы жоба аясында 1,8 миллиард теңгенің инвестициялары тартылды. Қазірдің өзінде мұнда жалпы қуаттылығы сағатына 9 МВт құрайтын жеті жел генераторы салынды. Инвесторлардың айтуынша, станция тамыздың басында жұмыс істей бастайды. Жобаның екінші кезеңінде жел қозғалтқыштарының саны тоғызға артады.

– Жамбыл облысы баламалы энергетика саласында айтарлықтай әлеуетке ие. Аймақтың климаттық жағдайларын мүмкіндігінше тиімді пайдалану қажет. Жаңартылатын энергия көздері жобаларының көмегімен көптеген елді мекендерді электр қуатымен қамтамасыз етіп қана қоймай, экологиямызды сақтауға болады, – деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, Қаратау қаласында Бердібек Сапарбаев Көктал сумен жабдықтау жүйесінің, аудан орталығының орталық қазандығына су беру қосалқы желісінің және жаңа тазарту қондырғыларының құрылыс барысымен танысты.

Жалпы, аудан ауылдарын таза ауыз сумен қамтамасыз етуге 1,1 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. Ауы су жүйесі биыл Қаратау қаласы мен Майтөбе ауылына жүргізілмек. Ал Бостандық және Тамабек ауылдарындағы ауыз су жүйесі ағымдағы жөндеуден өткізіледі.

Аймақ басшысы ат ізін салған Көктал ауылының тыныс-тіршілігін өзгеге үлгі етуге болады. Ауылда қазір 884 адам тұрады. Жыл басынан бері мұнда бірде-бір қылмыс пен отбасылық кикілжің, ажырасу тіркелмепті. Жаңа әлеуметтік нысандар пайдалануға беріліп, ескілері қалпына келтірілуде.

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың мамыр айында басталған М.Жұмабаев атындағы орта мектепті жөндеу жұмыстары тамыз айында аяқталуы тиіс. Құрылысшылар терезелерін, есіктері мен едендерін жаңалауда. Мектепті мұқият қарап шыққан облыс басшысы ескі ғимараттың қасбетін жаңартуды тапсырды.

– Мектеп әдемі, жайлы және қауіпсіз болуы керек. Балалардың тар сыныптарда білім алуына жол бермеуіміз керек. Ауылдық мектептер қала мектептерінен еш кем, нашар болмауы тиіс, – деді ол.

Айта кетерлігі, биыл Талас ауданының елді мекендерінде екі мектепке күрделі жөндеу, ал 11 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған.

Ал Қаратауда тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 55 пәтерлік тұрғын үй қайта жаңартылуда. Кезекте тұрған көпбалалы отбасылар үшін екі тұрғын үй салынуда. Құрылыс нысандарын аралап, пәтерлерге кіріп көрген Бердібек Сапарбаев барлық қажетті инфрақұрылымды уақытылы жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар, облыс әкімі «Жамбыл Недр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кәсіпорнында болып, онда компания өкілдерімен бірқатар мәселелердің шешімін талқылады.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Жамбыл облысында биыл 444,6 шақырым жол орта жөндеуден өтеді

Жамбыл облысында биыл 444,6 шақырым жол орта жөндеуден өтеді

25.06.2025
Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді

Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді

25.06.2025
Тоқаев халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын ашты

Тоқаев халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын ашты

25.06.2025
Германиялық компания Жамбылда зауыт салады

Германиялық компания Жамбылда зауыт салады

25.06.2025
Руслан Берденовке жасалған шабуылға қатысты тергеу аяқталды

Руслан Берденовке жасалған шабуылға қатысты тергеу аяқталды

25.06.2025
Армениядағы оқиғалар – бұл елдің ішкі ісі — СІМ

Армениядағы оқиғалар – бұл елдің ішкі ісі — СІМ

25.06.2025
Елімізде ҚДБ қаражаты есебінен 5 мың шақырым автожол жаңғыртылады

Жамбылда сараптама қорытындысы берілмей қаражаты толық аударылғандығы белгілі болды

25.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты