Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының мәжіліс залында салтанатты жиын өтті. Тәуелсіздік күні қарсаңында ұйымдастырылған марапаттау рәсімінде басқарма басшысы Әсет Қалиев денсаулық сақтау саласының 29 жылда жеткен жетістіктері жөнінде айтып, дәрігерлерді тәуелсіздік күнімен
құттықтады.
Мереке қарсаңында Ұлттық Медициналық Ассоциациясының «AVIVITAE» орденімен пандемия кезінде қайтыс болған дәрігерлер Айдар Мұқатаев, Ақылбай Арынов, «Алтын дәрігер» медалімен Дәулетбай Арынбаев, Үміткүл Келгенбаева, Гүлмира Қырғызалиева, Мұхтар Тұматаев және салада еңбек еткен басқа да медицина қызметкерлер «Мейірім», «Халық алғысы», «Еңбек Ардагері» медалімен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен және ҚР денсаулық сақтау министрінің, облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталды.
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жылдық жұмыс қорытындыланып,өңір медицинасының жетістіктері сараланды. Пандемия кезінде ерең еңбек еткен 120 медицина қызметкерлері марапатталды. Марапат – істелген жұмысқа баға беру ғана емес, еңбек етуші азаматтың қарымын шыңдай түсу.
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз орталығы