Жамбыл аудандық мәдениет үйінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай аудандық мәдениет үйінің ер азаматтырының ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елдің жігіттері» атты мерекелік іс -шара онлайн форматта тікелей эфирде ұсынылды. Іс –шара «Аса сазы» халықтық ән би ансамблінің мың бұралған биші қыздарының орындауындағы халық биімен бастау алды. Мерекелік іс-шарада мәдениет үйінің ер азаматтары Тәуелсіздік алғаннан бергі жеткен отбасы және өнер жолындағы жетістіктерін театр қойылымымен және әзілмен көрермен назарына ұсынды. Аудандық мәдениет үйінің жанынан құрылған «Салбұрын» дәстүрлі үштігінің «Қазақтай ел қайда», Н.Оспановтың «Туған жер», «Аса сазы» бишілер орындауындағы «Андижан полькасы», жігіттер төртігі орындаған «Мен қазақпын» атты әндері қазақ елінің рухын көтеріп, патриоттық дем берді деуге болады