Жамбыл облысы аумағында 28 мамырда суға кетудің бір оқиғасы болды. Салдарынан 2008 жылғы туылған жасөспірім қаза болды. Ал 25 мамырда Талас ауданы Қаратау қаласында орналасқан Жартас қөлінде шомылуға рұқсат етілмеген жерде шомылу барысында өз күшін бағаламау себебібен 6 сынып оқушысы батып кетті. Бұл туралы бүгін ӨКҚ-нің ұйымдастырумен өткен көшпелі брифингте облыстық ТЖД бастығы Ермек Момбаев айтты. Сондай-ақ, ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Руслан Шариев те өзге ақпараттармен бөлісті.
Статистикаға оралатын болсақ, 2020 жылы су айдындарында 16 оқиға тіркеліп, 18 адам қайтыс болды, оның ішінде 9 бала. Өлімінің басты себебі- бұл ересектердің қараусыз қалдыру, жабдықталмаған және тыйым салынған орындарда шомылу, балық аулау кезінде және мас күйде шомылу. Жамбылда жазғы шомылу маусымындағы қауіпсіздік шараларын сақтау, бақылау мақсатында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссия жұмыс істеуде — деді Е.Момбaев.
Төтеншеліктер қауіпсіздікті қатаң сақтау туралы түрлі түсіндірмелер жүргізіп жатыр. «Судағы қауіпсіздік шаралары» тақырыбында білім беретін мектептерде қашықтықтан ата-аналармен жоспардан тыс жиналыстар өтті. Жиналыс барысында ата-аналарға балалардың суға кету себептері мен балалардың өмірі үшін жауапкершілік тіртібі түсіндірілді. Облысымыздағы 435 оқу орындарында аталған тақырыпта ақпараттық стенд (флаер) орнатылды. Бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 24 сәуірінен 24 мамырына дейін барлық білім мекемелерінде онлайн режимінде
«Судағы қауіпсіздік» тақырыбында облыстық акция өткен. Акция аясында білім беру мекемелері онлайн форматта «Су айдындарындағы қауіпсіздік» тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізген. Оған 40 мыңға жуық оқушы қатысқан. Шығармашылық конкурстар, ашық сабақтар мен пікір- сайыстар, семинар-тренингтер ұйымдастырылды. Тәрбие сағаттарында слайдтар, бейнероликтер, сонымен қатар «WhatsApp» әлеуметтік желісі арқылы Білім басқармасымен дайындалған 4 бейнеролик таратылды, — деді спикерлер.