Қордай, Шу аудандарындағы 2 әлеуметтік нысанның шатыры ұшты.
Алматы-Тараз бағытындағы барлық 2708 адам құтқарылып (оның ішінде 94 бала), 2464 үйлеріне қайтарылса, 244 адам 6 жылыту пунктеріне қалып отыр.
«Облыс әкімінің тапсырмасымен өңірлік жедел штаб құрылып, жұмыстар жүргізілуде. Оқиға орнында облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек, облыстық полиция департаментінің басшысы Арманбек Баймурзин жолда қалғандарды құтқару жұмыстарын ұйымдастырды. Қар құрсауынан шығару жұмыстарына, жалпы 117 арнайы техника, 169 адам тартылды. Қар құрсауында қалған барлық азамат толық шығарылды» деп хабарлады Жамбыл әкімінің баспасөз қызметі.
«Қазақстан теміржолы» АҚ ақпаратына сәйкес Шу-Отар учаскесінде жолаушылар пойызының қозғалысы қалпына келтірілді.
«Батыс Қытай — Батыс Еуропа» тас жолын тазалау жұмыстары жүргізілуде.