Баспанаға ие болғандардың қатарында көпбалалы аналар, әлеуметтік осал топтағы азаматтар мен жетімдер бар.
Тұрғын үйдің құрылысы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізілді. Жаңа баспанада 1 бөлмелі – 20, 2 бөлмелі – 20, 3 бөлмелі – 40 пәтер бар.
Т. Рысқұлов ауданында 2000-ға жуық азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Жыл соңына дейін тағы 60 пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда.
Айта кетейік, Жамбыл облысында биыл 2 909 пәтерлі 56 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл қорытындысына сәйкес 54 үйді пайдалануға беру көзделіп отыр. Сондай-ақ күзде 14 шағынауданда 22 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі деп жоспарлануда.