Жамбыл облысы бойынша жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен 288 адам қамауға алынған. 13 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды деп хабарлайды Жамбыл облысы полиция департаментнің баспасөз қызметі.
Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 114 тұрғынға қатысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476-бабының 1-бөлігінің 10-тармағы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сот санкциясы бойынша 108 адам әкімшілік қамауға алынды.
Рейд кезінде 34 қару мен 43 патрон тәркіленді. Тәркіленген қаруға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.