Жамбыл облыстық соты алқасының 2023 жылғы 7 маусымдағы қаулысымен Жамбыл аудандық сотының 2023 жылғы 21 ақпандағы шешімін күшінде қалдырылды.
Азаматтық істі қайта қарау кезінде Жамбыл аудандық сотының 21.02.2023 жылғы шешімімен қаржы басқармасының талап-арыз талаптары қанағаттандырылды.
Атап айтқанда:
— «Жамбылводхоз» РМК-ның 2006 жылғы 4 мамырдағы №5.1 лот бойынша конкурстық массасын өткізу бойынша аукциондық сауда-саттықтың күші жойылды;.
— MK «Түйте», «Дунганов» гидроқұрылысы, «Түйте» бөгет құрылысы, «Түйте» бас реттегіші, («Түйте» жүйесі) «Жамбылводхоз» РМК-ның конкурстық басқарушысы А.А.Шудро мен Х.Б.Мадаминованың арасында жасалған 2006 жылғы 4 мамырдағы № 5 сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылды.
— 2006 жылғы 20 мамырдағы №5.2 лот бойынша «Жамбылводхоз» РМК-ның конкурстық массасын өткізу бойынша аукциондық сауда-саттықтың күші жойылды.
— ұзындығы-44,7 км болатын бұрынғы Аса су құрылысы басқармасының (оңтүстік құрғату аймағы) мүлкін сату жөнінде «Жамбылводхоз» РМК-ның конкурстық басқарушысы А.А.Шудро мен С.Т.Мадаминовтың арасында жасалған 20 маусымдағы №6 сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылды.
Бұл шешімді қабылдауға бір кездері су шаруашылығы құрылыстарының меншік иесі болып табылмайтын «Жамбылводхоз» РМК-ның даулы сатып алу-сату шарттары бойынша су шаруашылығы құрылыстарын иеліктен шығаруға құқығы болмағаны, демек, бұл шарттар су және жер кодекстерінің талаптарын бұза отырып жасалғанының салдарынан болды.
Облыс прокуратурасының қолдау хаты бойынша Жамбыл облыстық соты алқасының 10.11.2022 жылғы ұйғарымымен Жамбыл аудандық сотының 22.01.2009 жылғы ұйғарымының күші жойылып, шағымдану мерзімдері қалпына келтірілді. Іс жаңа қарауға бағытталды.
ҚР Су кодексінің 7-бабының 2-тармағына сәйкес, азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігінде тек бір шаруашылық жүргізуші субъектінің жер учаскесіне қызмет көрсететін ирригациялық құрылыстар болуы мүмкін.
Ал, Х.Мадаминованың жеке меншігінде көптеген шаруашылық жүргізуші субъектілер мен елді мекендердің жер учаскелеріне қызмет көрсететін ирригациялық құрылыстары болды.
Бүгінгі таңда, Жамбыл облысының коммуналдық меншігіне қайтарылған МК «Түйте» жүйесін қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
Осыған дейін, Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовке кәсіпкер-меншік иесі Хасият Мадаминованың «Түйте» арнасын рейдерлік жолмен басып алу фактісі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке арыз жіберілді, деп хабарлады белгілі қазақстандық заңгер Рена Керимова.
Мадаминова Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік органдарға жүргізген рейдерлігі деп санайтынын айтты. Мадаминова Асхат Жұмағалиұлының атына арызбен Астанадағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жүгінген. Ал Жамбыл облысының әкіміне қатысты өтінішті адвокат берген. Мәлімдеме не туралы болды – біз айтқандардың бәрі расталды. Қазіргі уақытта адвокаттардың қолында қазіргі әкім Нұржігітов Нұржан мен қорғаушының арасындағы әңгіменің аудиожазбасы бар деді Керимова.
Сонымен қатар, Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Данияр Асқарұлы әкімнің рейдерлік жасағаны туралы ақпаратты теріске шығарды.
Қазіргі таңда 5-16 маусым аралығында Нұржан Молдиярұлы кезекті еңбек демалысында.