• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

«Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі»

07.09.2019
0
«Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі»
1
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауына қолдау білдіреміз.

 

Аталған Жолдауда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Токаев, қазір бізге тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отырғандығын және біз бұған Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізу арқылы қол жеткізе алатындығымызды нақты көрсетті.

Жалпы бес бөлімнен тұратын бұл Жолдауда, Президент Қ.К. Токаев, ортақ міндеттеріміз бен өзінің сайлауалды бағдарламасын іске асыруға қатысты ой-пікірлеріне тоқталған. Соның ішінде, «Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету» туралы  осы Жолдаудың екінші бөліміне тоқтала кеткенді жөн көрдік.

Бұл бөлімде, Президент сот және құқық қорғау жүйесіндегі күрделі реформалар – азаматтарымыздың құқықтарын қорғаудың және олардың қауіпсіздігін күшейтудің негізгі факторы екендігін көрсете отырып, сот шешімдерінің сапасын арттыру үшін бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыру қажет екендігін айтты. 

Оның ішінде, қылмыстық істер бойынша келесі бір маңызды мәселеге тоқталды. Яғни, біз шамадан тыс қудалау шаралары мен сот төрелігінің қатаң жазалау тәжірибесінен бас тартсақ та,  елімізде ауыр қылмыстардың саны азаймай тұрғандығы туралы және заңнамамызды ізгілендіру ісіне көбірек мән беріп,  азаматтардың негізгі құқықтарын назардан тыс қалдырғандығымыз туралы да нақты көрсетті.  

Сонымен қатар, жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе, балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайту қажет екендігін де айта отырып, бұл мәселені шешуді Парламент пен Үкіметке тапсырды.

      Соңғы уақытта бетпердесі ашылған, ұйымдасқан қылмыстың тағы бір түрі ретінде пайда болған – браконьерлік проблемасына да тоқталып, бұл жөнінде Үкіметке екі ай ішінде тиісті заңнаманы қатайту үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Осылармен қатар, сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесі күн тәртібінен түспегендігін, орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу  ісін қайта қалпына келтіру қажетттігін, бұған сарапшылар мен қоғам өкілдері де атсалысулары тиіс екендіктерін  және  кінәсіздік презумпциясы қағидаты толық көлемде сақталуы тиіс екендігін де айтты. 

Әрине, бұл көтеріліп отырған мәселелер қазіргі таңда қоғам өмірінде аса маңызды орынға ие болып отырғандықтан, Президенттің Жолдауындағы бірқатар қылмыстарға қатысты қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайту қажет екендігі туралы ұсынысын толық қолдаймыз.

Өйткені, жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да қылмыстар қазіргі таңда расында кеңінен таралып  бара жатыр. Оларды тоқтатудың бірден-бір жолы, әрине мемлекет тарапынан қолданылатын мәжбүрлеу шарасы ретінде ол жаза тағайындау. Ал жазаның дәл осы сипаттағы қылмыстарға қатаң болуы — заман талабы. 

Айталық, осы қылмыстардың ішінде педофилизге тоқталсақ, ол аса ауыр қылмыс ретінде ұлтымызға жат ұғымдардың бірі болып табылады. Қарап отырсақ – бұл қазіргі таңда әлемдік дерт. Қоғамда педофобия пайда болып, онымен әр тарап өз деңгейінде күрес жүргізуде. Бірақ, жазасын өтеп болғаннан кейін де ондай адамдар қоғамға қауіпті болуы әбден мүмкін.   Осыған орай, елімізде «медициналық кастрация» мәжбүрлеу шарасына қатысты мәселелер де заң көлемінде реттеліп, ол тәжірибеге жаңадан қолданысқа ене бастады. Бұл жәйт та, осы қылмыстарға қатысты жазаны қатаңдату барысында ескерілуі қажет.

 Сондай-ақ, біздің ойымызша Қазақстан Республикасының ҚК-нің 55-бабының 2-бөлігінің талаптарын, аталған қылмыстарға қатысты қолдануға тиым салып, ол жөнінде қылмыстық заңға өзгеріс енгізу арқылы шектеу қойып, жазаны осы тұрғыда  қатаңдату керек деген пікір білдіреміз.

Бастысы, Президентіміз атап өткендей, реформаны, тек реформа үшін жүргізуге жол бермеу қажет! 

 

Жамбыл облысының қылмыстық істер

жөніндегі мамандандырылған ауданаралық

сотының судьясы 

Ляззат Ильясовна Ильясова

 

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 10,8%-ға артты

Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 10,8%-ға артты

14.05.2025
Сұйытылған мұнай газын экспорттауға тыйым салу мерзімі ұзартылды

Сұйытылған мұнай газын экспорттауға тыйым салу мерзімі ұзартылды

14.05.2025
Қазақстанда ұлттық жасанды интеллект платформасы пайда болады

Қазақстанда ұлттық жасанды интеллект платформасы пайда болады

14.05.2025
Жұмысшы мамандықтар: Жамбылда 6 салалық кешен ашылады

Жұмысшы мамандықтар: Жамбылда 6 салалық кешен ашылады

14.05.2025
Мектеп оқушылары аудан әкімін таниды ма?

Мектеп оқушылары аудан әкімін таниды ма?

14.05.2025
Тоқаев министр Марат Қарабаевқа сөгіс жариялады

Тоқаев министр Марат Қарабаевқа сөгіс жариялады

14.05.2025
«Ойлан, тап» олимпиадасында кім жеңді?

«Ойлан, тап» олимпиадасында кім жеңді?

13.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты