Қазақстан Республикасының «Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы Заңы – сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді: — «Сыбайлас- жемқорлық дегеніміз мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін асыра пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып aлу».
Сыбайлас-жемқорлық бірталай экономикалық заңдардың іс-әрекетін төмендетеді және әлемдік қауымдастық алдында елдің беделін түсіреді, оған тиімді шетел инвестиция жолында басты кедергі болып табылады. Адал және әлеуметтік бағытталған бизнес нарықтан ысырылады, себебі сыбайлас-жемқорлық мұндай бизнесті тиімсіз етеді.
Сыбайлас-жемқорлық әсіресе мемлекеттік билік органдарында қауіпті. Мұндай жағдайда ол биліктің монополиясын, мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдау өкілеттігін күшейтеді және шенеуніктердің қатал құқықтық есеп беруін және бақылауда болуын жою симбиозын көрсетіп-білдіреді.
Практика көрсеткендей, сыбайлас-жемқорлық мемлекеттік жүйенің барлығын бұзады, мемлекеттік билік беделінің және мемлекеттік қызмет абыройның құлдырауына ықпал етеді. Сыбайлас-жемқорлық экономиканың дамуына кедергі жасайды және ұйымдастырылған қылмыстың, әсіресе экономика саласында, өсуіне ықпал жасайды.
«Сыбайлас-жемқорлықпен күрестің негізгі жолдарына келесілер жатады:
- Баршаның заң және сот алдында теңдігі. Бұл қағиданы сақтау және жүзеге асыру сыбайлас-жемқорлықпен күресуде маңызы зор. Өкінішке орай, заңнаманы таңдап қолдану өте жиі кездеседі, ол біреу үшін заңнын бар болғанын, ал басқалар үшін жоқ болғанын көрсетеді.
Заң сақталуының кепілі – азаматтардың өздерінің белсенділігі болып табылады. Сыбайлас-жемқорлық үдерістерді БАҚ-та жариялау, оның ішінде БАҚ, бұқара өкілдерінің сот үдерістерінде болуы, өтініштерді прокуратүраға, экономикалық және сыбайлас-жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі Агенттікке және басқа құқық қорғау органдарына беруі болып табылады.
2.Мемлекеттік органдар қызметінің нақты құқықтық тәртібін, заңдылығын және осындай қызметтің жариялылығын, оған мемлекеттік және қоғамдық бақылауды қамтамассыз етуі.
Мемлекеттік органдар қабылдаған шешімдерінің ақпараттық мөлдірлігін қамтамасыз етуі, мемлекеттік басқару органдарының рұқсат ету және әкімшілік құзыреттерін оңтайландыруы, сондай-ақ мемлекеттік сатып- алудың электронды жүйесіне көшу негізінде мемлекеттік сатып-алу жүйесін реформалауы болып табылады.
Бұл бағдарламада ерекше орында – азаматтық қоғам ұйымдарын сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызметке тартылуын, және құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің қалыптасыуын көрсетеді.
Нормативтік құқықтық актілерді сыбайлас-жемқорлыққа қарсы сараптаудың пәрменді тетігін енгізу, бюджеттік қаражаттың жұмсалуын қоғамдық бақылау жүйесін құру, жеке рүқсат беру міндеттерін азаматтық қоғам институттарына беру, ақшалай қаражаттың қолма-қол айналымын мейлінше көбірек қысқарту бойынша шаралар енгізу, заңға қайшы жолмен ақшалай қаражатты заңдастыруға қарсы іс-әрекет жасау қарастырылған.
З. Жеке және заңды тұлғалардың құқығы мен заңды мүдделеріне қатысы бар сұрақтарды шешу процедурасын және кадр жұмысын, мемлекеттік аппарат құрылымын жетілдіру болып табылады.
Мелекеттік бағдарламамен мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің өзара іс-әрекеттері нақты құқықтық тәртіптеу формалары мен механизмдерін жүзеге асыру, сондай-ақ сот шешімдерін қабылдаудың мөлдірлігін және олардың дер кезінде орындалуына ықпал жасауы қарастырылған.
Тараз қаласының әкімшілік
құқық бұзушылықтар жөніндегі
мамандандырылған соты
әкімшісінің аға сот приставы Д. Арапов