Ол заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі деп айтуға болады.
Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіріп, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болатыны жасырын емес.
Заң талаптарына сай, бұл індетпен барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар күрес жүргізулері тиіс.
Шын мәнісінде барлық саладағы мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Сонымен қатар, кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, бақылау жүргізбеуі де жемқорлық тамырын тереңдете түседі десек қателеспейміз.
Сыбайлас жемқорлық бүгінде әлемнің барлық елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да өте жиі кездесетін құбылыстың бірі.
Құпия емес, қазіргі таңда көптеген лауазымды азаматтардың да, мемлекеттік қызметшілердің де парамен ұсталу фактілері жиі орын алуда. Бұл өз кезегінде барлық сала үшін теріс әсерін туғызатыны бәрімізге мәлім.
Жалпы, сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп санаған жөн.
Ол үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен төзбеушілік қалыптастыру қажет. Азаматтар сыбайлас жемқорлықтың қоғам мен мемлекетке төнетін қатер екенін сезінуі тиіс. Жемқорларға деген теріс көзқарас қалыптастыру және жемқорлыққа бейімділікті әдетін тоқтату керек.
Осы бағытты негізге ала отырып еліміздегі әрбір азаматты жемқорлыққа қарсы күресуге шақыру қажет.
Еліміздің болашағы жарқын болу үшін әрбір мемлекеттік қызметші өзінің міндеттерін дұрыс орындап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қарқынды күрес жүргізіп, оған жол бермегені абзал.
Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің басшысы Ж.О.Шыршықбаев