• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі фирмалық стилін таныстырды

29.08.2019
0
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі фирмалық стилін таныстырды
475
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Ең алдымен «фирмалық стиль дегеніміз не?» деген сұрақ жауап берсек, фирмалық стиль – коммуникация нысандарының бірі. Тек ол сөзбен емес, көзбен көру және сезіну құралдары арқылы сезілуі тиіс.
Фирмалық стильдің болуы әлемдік корпорациялар мен оқшау бизнестердің жұмысының ажырамас элементі болып табылады. Осылайша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің кадр жұмысы департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов Агенттіктің фирмалық стилімен БАҚ өкілдерін таныстырды.
«Дамыған және бірқатар дамушы елдерде мемлекеттік органдар ойластырылған көрнекі коммуникацияны кең қолданады. Бәріңіз FBI бас киімдерін, NASA жейделерін және басқа киімдерді, мысалы Нью-Йорк полициясын жақсы білесіздер. Қазақстанда қазіргі уақытта өзінің жеке коммуникациялық брендтері бар бірде бір мемлекеттік орган жоқ. Оның себептері әр түрлі болуы мүмкін: біреулер оны маңызды деп есептемейді, басқалары ол туралы мүлде ойламайды. Біз басқаша санаймыз», – деген Н. Жақсымбетов Агенттіктің минимализм стилінде жұмыс істейтін «Storm» коммуникациялық агенттігі және «Dimasso» графикалық дизайнерімен әзірленген жаңа логотипі мен эмблемасын таныстырды.

Елбасының және Президенттің мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты реттеу маңыздылығын, осы қашықтықты қысқартуды атап өткені белгілі. Бұл жерде әрине, ең бастысы жұмыстың мазмұны, оның сапасы екені сөзсіз. Дегенмен, байланыстың осы нысаны да өте маңызды. «McKinsey» консалтинг компаниясының зерттеулері көрсеткендей, сыртқы коммуникацияға тиісті көңіл бөлетін ұйымдар неғұрлым тиімді болады. Ол жеке секторға да, мемлекеттік секторға да қатысты.
Сондықтан Агенттік төрағасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірегей фирмалық стилін жасау идеясын қолдады.
БАҚ алдында жарияланған Агенттіктің логотипі заманауи талаптар ескеріліп әзірленген. Ол қарапайым, бірден танылатын, тез бейімделетін және әмбебап болуы тиіс. Логотиптің тиімділігі ол қаншалықты басқалардан ерекшеленеді, түрлі тасымалдағышта қаншалықты көрінеді, баспа және цифрлық форматқа қалай бейімделеді, міне соған байланысты.
«Жаңа логотипте 2 элемент қолданылған: «А» әрпі және найзаның ұшы. Екі символды өзара оларды байланыстырып, стильдеп, жаңа коммуникациялық логотип шығардық. Жүргізілген жұмыстар барысында біз нысандық киімде және біздің әкімшілік ғимараттың ішінде қолданылатын елтаңбаны өзгертуді шештік. Ал, қолданыстағы орган эмлемасы ашық түрде ескірді. Оған қоса ол бұрын мемлекеттік қызмет мәселелерімен айналысқан агенттіктің міндеттерін бейнелейді», – деді Н. Жақсымбетов.
Жаңа елтаңба бейнесі коммуникациялық логотипті және қалқан ішіндегі мемлекеттік тудағы қыранды үйлестіреді, ал төменде агенттіктің құндылықтары – әділдік, парасаттылық, сенім белгіленген. Яғни, елтаңба Агенттіктің осы құндылықтарды ұстанатынын көрсетеді.
Сондай-ақ, Агенттік стиліндегі фирмалық түстер де айқындалған.
Аспан түсі – әділдікті, кемелденуге, жаңаруға, теңдестікке ұмтылуды білдіреді. Ақ түс – парасаттылықты көрсетеді, тазалықпен, адалдықпен, пәктікпен байланысты. Көк – сенімді, қауіпсіздікті және сенімділікті бейнелейді.
Өз сөзін спикер былай қорытындылады: «Бұл бастаманың негізгі мақсаты – біздің жұмысты сыртқы ортамен жүйелеу, бірыңғай стильді құру екенін айтқым келеді. Сыбайлас жемқорлықты азайту жұмыстарында барлық құраушы маңызды, мен жоғарыда айтқандай, контенттің дизайны қазіргі уақытта маңыздылардың бірі».

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 10,8%-ға артты

Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 10,8%-ға артты

14.05.2025
Сұйытылған мұнай газын экспорттауға тыйым салу мерзімі ұзартылды

Сұйытылған мұнай газын экспорттауға тыйым салу мерзімі ұзартылды

14.05.2025
Қазақстанда ұлттық жасанды интеллект платформасы пайда болады

Қазақстанда ұлттық жасанды интеллект платформасы пайда болады

14.05.2025
Жұмысшы мамандықтар: Жамбылда 6 салалық кешен ашылады

Жұмысшы мамандықтар: Жамбылда 6 салалық кешен ашылады

14.05.2025
Мектеп оқушылары аудан әкімін таниды ма?

Мектеп оқушылары аудан әкімін таниды ма?

14.05.2025
Тоқаев министр Марат Қарабаевқа сөгіс жариялады

Тоқаев министр Марат Қарабаевқа сөгіс жариялады

14.05.2025
«Ойлан, тап» олимпиадасында кім жеңді?

«Ойлан, тап» олимпиадасында кім жеңді?

13.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский