• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Абырой

Суицид – соңғы шешім болмауы тиіс

Соңғы жылдары Қазақстанда өз-өзіне қол жұмсау әрекеті 10,1 пайызға, ал өз-өзіне қол жұмсау 27,6 пайызға артқанымен, жастар арасында бұл көрсеткіштер азайып келеді.

21.05.2024
0
Суицид – соңғы шешім болмауы тиіс
30
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

2021 жылдың қорытындысын шығарған ЮНИСЕФ жыл сайын әлемде 45 800 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсайтыны туралы мәліметтерді жариялады.

Бұл әрбір он бір минут сайын жас ұл немесе қыз көз жұмады деген сөз. Қазірдің өзінде жаңа 2023 жылдың алғашқы айларында халықаралық ұйым 2022 жылға арналған мәліметтерді жариялады, бірақ сарапшылардың пікірінше, жаңа көрсеткіштердің оң динамика көрсетуі екіталай. Қазақстанда бұл мәселе өте өзекті. Бірақ жастар арасында, негізінен, өскелең ұрпақпен өнімді жұмыстың арқасында бұл көрсеткіштер төмен.

Мәселен, 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер арасында соңғы жылдары өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері 23,1 пайызға, суицид 13,7 пайызға азайған.

Осыған қарамастан Қазақстан жасөспірімдер арасындағы суицид бойынша көшбасшылар қатарында, ал Орталық Азияда тіпті бірінші орында тұр. Осыған байланысты жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу және оған қарсы күресті жалғастыру облыстағы жастар саясатын жүзеге асырудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, өткен жылы Жамбыл облысы бойынша кәмелетке толмағандар арасында 9 суицид оқиғасы тіркеліпті. Мамандардың айтуынша, жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауының ең бірінші себебі – отбасылық жағдай. Кейде табыстың аздығы, яғни жетіспеушілік болса, енді бірде ата- анасының арасындағы кикілжің, айырылысу немесе қайғылы жағдай әсер етеді.

Үлкендер арасында да өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері орын алып тұрады. Оларды да суицидке жетіспеушілік пен сатқындық, кейде қарызға белшеден бату мәселесі итермелейді екен. Ал, ер адамдар арасында осындай жайсыз қадамға алкогольдік ішімдік немесе есірткі пайдаланғандар көбірек барады.

– Суицидтік мінез-құлық қаупі бар жасөспірімдерді анықтау білім беру мамандарына тиесілі. Олардың дабылынан кейін баланың заңды өкілдерінің келісімімен жалпы тәжірибелік дәрігерлер және қажет болған жағдайда психиатрлар мен суицидологтар тартылады. Психологиялық көмекті жедел психологиялық көмек кабинетінің мамандары және облыстық психикалық денсаулық орталығының «556-776 анықтама телефоны» арқылы көрсетеді. Анонимді түрде көмек көрсетіледі және мінез-құлықты түзету динамикасы бақыланады. Кәмелетке толмағандар арасындағы тәуекел топтарын анықтау білім беру ұйымдарының мамандарына жүктеледі. Білім беру ұйымдарының психологтары сынып жетекшісімен тығыз байланыста баланың психологиялық жағдайын бақылайды. Отбасының әлеуметтік жағдайы және кәмелетке толмағандардың отбасындағы моральдық-психологиялық жағдайы ескеріледі. Денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары білім беру ұйымдарынан сигнал алғаннан кейін ғана қажетті көмек көрсете алады. Суицидтік мінез-құлық қаупі анықталған жағдайда кәмелетке толмаған бала заңды өкілдерінің немесе ата-анасының сүйемелдеуімен жалпы тәжірибелік дәрігерге қаралу үшін алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығына жіберіледі. Қауіптің жеңіл және орташа дәрежесінде психодиагностикалық және емдік шаралар жүргізіледі, – дейді облыстық психикалық денсаулық орталығы бас дәрігерінің орынбасары Гүлмира Әуесханқызы.

Тәжірибелі психолог, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ әлеуметтік психология кафедрасының профессоры, психология ғылымдарының кандидаты Шолпан Тұрдалиеваның айтуынша, статистика — бұл нақты есеп және оны жоққа шығару тағы мүмкін емес.

Бірақ ол біздің өмір сүру салтымызда өте пайдалы. Өйткені, жиналған деректер мен өткен трагедияларды талдау назарымызды ең осал тұстарға аударуға мүмкіндік береді.

«Мәселен, өз-өзіне қол жұмсауға ең қауіпті жас 15-17 жас екенін білеміз. Жастар арасындағы суицидтің 60 пайыздан астамы осы жастағы балалар. Статистикаға сүйенсек, әрбір төртінші қазақстандық өз-өзіне қол жұмсау туралы ойлайды. Бақытымызға қарай, бұл бағытта әркім шешуші қадамдар жасай бермейді. Екінші тәуекел тобына 25 пен 29 жас аралығындағы жастар жатады. Көбінесе өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерін қыздар жасайды, бірақ оны көбіне ұлдар аяқтайды», – дейді Ш.Тұрдалиева.

Өмірдің алтын ортасына жетіп, қырықтың қырқасына шыққандардың да өзіне қол жұмсау факторлары қоғамда орын алатыны рас. Күні кеше әлеуметтік желіде Астана қаласындағы көпірден секірген ер адамды құтқарған жігіттің қаққан дабылы соған дәлел. Алдарқатып шылым ұсынған құтқарушы жігіт қолынан шап беріп, ұстай алғанымен, шамасы келмейтінін ұққан соң, жанұшыра айғайлаған. Соның көмек сұраған даусына жиналғандар дер кезінде келіп, ажалдан арашалап үлгерген. Қырықтың қырқасынан асқан ер адамның бұл ісіне қарызының көптігі сеп болған екен. Статистикаға сүйенетін болсақ, өз-өзіне қол жұмсау ер адамдардың арасында көп орын алатыны белгілі болды.

– Өз-өзіне қол жұмсау – үлкен күнә. Құранда «Өз-өзіңді қауіп- қатерге итермелемеңдер» делінген. Пайғамбар (с.ғ.с.) хадисінде: «Кім қандай затпен өлген болса, яғни өзін биіктен тастап, пышақтаса немесе асылып қалса, сол нәрсемен бірнеше рет азапталады. Суицид – адамдардың рухани әлсіздігін, қиындыққа шыдамсыздығын олардың қолжетімді нәрсеге бейімделгенін білдіреді. Сондықтан, сәл қиындық болса, өз-өзіне қол жұмсайды. Ислам дінінде өмір сынақтан тұрады, адам сыналған сайын шыңдалады, сол арқылы өмір сүруге құштарлығы оянады, – дейді Тараз қаласының имамы Ержан Аманбаев. Алайда, кейде суицид жасауға бекінгендер тіпті санаға кірмейтін себептер айтады. Суицид жасау мәселесі бойынша бірнеше психологпен де тілдескен едік. Олардың айтуынша, өз-өзіне қол жұмсау ішкі жалғыздықтан, күйзелістен болып тұрады. Яғни, сыр ашып, ой бөлісетін адамының болмауынан, депрессияға түсудің салдарынан орын алады. Суицидке итермелейтін себеп – әртүрлі. Бірақ, мұндай жағдай адам жүрегінде тыныштықтың болмауынан болады. Яғни бұл – депрессия ауруының бір белгісі. Мамандардың пайымдауынша, өлімге алып келетін жағдайлардың себебін адамның өз-өзіне қол жұмсаған орнына қарап та аңғаруға болады екен.

Мысалы, кәмелетке толмаған бала үйінде суицид жасаса, отбасында кикілжің болуы мүмкін. Ал, өлім орны мектеп болса, демек сыныптастарымен немесе ұстаздарының арасында келіспеушілік болған немесе оқу үлгерімінде қиындықтарға ұшырағандығын білдіреді. Үлкендер болса, жұмыстан шығып қалғанда немесе ұзақ уақыт бойы күйзелісте жүргенде өмірмен қош айтысуға ниеті ауады. Егер әлдебір тылсымның күшімен осындай келеңсіз оқиға орын алса, жөн басқа. Ал, өлімге қарай әдейі жасалған қадамды кім кешірмек?! Мейлі, қандай жағдай болмасын, қандай қиындық тумасын, өлім ештеңені жеңбейді, шеше де алмайды. Сабырсыздық танытып, болмашыға бордай үгітілетін халге түсу – әлсіздік қана.

Мақала Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясаты тапсырысы негізінде жарияланды

Тегтер: Жамбыл облысымәселесуицид
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Тараздан екі топ гранд-финалға жолдама алды

Тараздан екі топ гранд-финалға жолдама алды

17.05.2025
Өңірде 11,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

Өңірде 11,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

16.05.2025
Үкімет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

Үкімет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

16.05.2025
ҰҚК Ақмола облысында жарылғыш заттардың заңсыз айналымының жолын кесті

ҰҚК Ақмола облысында жарылғыш заттардың заңсыз айналымының жолын кесті

16.05.2025
PedSTART: Колледж студенттері арасында облыстық педагогикалық олимпиада өтті

PedSTART: Колледж студенттері арасында облыстық педагогикалық олимпиада өтті

16.05.2025
Қауіпті қылмыскер кісі өлтіруге оқталғаны үшін Армениядан экстрадицияланды  

Қауіпті қылмыскер кісі өлтіруге оқталғаны үшін Армениядан экстрадицияланды  

16.05.2025
Еліміздің мектептерінде педагог тапшылығы жойылды

Еліміздің мектептерінде педагог тапшылығы жойылды

16.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты