Мойынқұм аудандық соты төрағасының м.а Б.Далибаев Көлік және логистика академиясының студеттеріне «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында онлайн дәріс өткізді.

Б.Далибаев өз сөзінде сот ісін жүргізудегі жаңашылдықтар, сот жүйесін реформалау бойынша атқарылған міндеттер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру тетіктері, құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау туралы айтты.
Сонымен қатар судья жастардың назарын аудара отырып, сыбайлас жемқорлық еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс екенін баяндап, қатысушыларға қоғамның әрбір мүшесі болғандықтан жемқорлықпен күрес жүргізудің қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ сот тәжірибесінен нақты мысалдар келтірілді.
Дәріс нәтижесінде студенттер өздерін толғандырған сұрақтарға жан-жақты жауаптар алды.