Облыс аумағында су тасқыны жағдайы Талас, Шу және Аса өзендері арқалы өтеді, сонымен қатар таулы аймақтарда орналасқан 5 ауданның (Жуалы, Меркі, Т.Рысқұлов, Қордай, Талас) Қарақоңыз, Ырғайты, Аспара, Мерке, Қарақыстақ, Қайыңды, Ақсай және Көксай өзендерінде еріген қар суларымен айқындалады. Ауа-температурасының тез жоғарлауы кезінде облыстың барлық аудандарында биік бөктерден интенсивті су ағыны болуы мүмкін.
Су тасқыны салдарынан болуы мүмкін төтенше жағдайлардың шығынын төмендету мақсатында «2018 жылғы көктемгі су тасқыны мерзімін өткізу және дайындық іс-шараларының» жоспары әзірленіп, бекітілді.
Аталған жоспардың негізінде, жергілікті атқарушы органдармен су тасқыны мерзімінде судың апатсыз өтуін алдын алу шаралары жүргізілуде. Су тасқынын алдын алу шараларын жүргізу кезінде 568 шақырым дренажды канал және арық жүйелерін қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді. Автокөлік және темір жолдарының бойындағы 255 көпір және 789 су өткізу құрылғылары тазартылды.
Бүгінгі күнге жазық аудандар мен елді мекендерде шамалы қар бар. «Қазгидромет» РМК филиалы және «Қазселденқорғау» ММ филиалының 2019 жылғы 20 ақпандағы мәліметтеріне сәйкес, таулы және тау бөктеріндегі қар қалыңдығы биіктігі 10 см-ден 25 см-ді. құрайды.
Облыс халқын, шаруашылық нысандарын және елдімекендерді қорғау үшін облыста гидротораптар мен су қоймаларының тұрақтылығын жоғарлату, су шаруашылық нысандарында су деңгейін реттеу шаралары жүргізілуде. Ірі су қоймаларының (Киров, Тасөткел, Теріс-Ащыбұлақ) жұмыс режимінің графигі әзірленіп, толымдылықтарына және жұмысына бақылау жүргізілуде.
Ағымдағы жылғы 26 ақпан жағдайына ірі су қоймаларының толымдылығы жобалық көлемінен келесі пайызды құрайды: Теріс-Ащыбұлақ — 62%, Тасөткел — 52%, Киров — 77%.
Облыста жеткілікті жанар-жағармай және инертті материалдардың қоры құрылды. Сонымен қатар 40 мыңнан астам мүшек дайындалды. Көшірлген халықты уақытша орналастыру үшін 41 қабылдау бекеті (білім беру және мәдени нысандар), әр түрлі 43 палатка, жатын жабтықтарымен 2000 төсек дайындалды.
Дер кезінде медициналық көмек көрсету үшін 56 денсаулық сақтау нысандары және дәрі-дәрмек қоры дайындалған.
Су тасқыны салдарын алдын алуға және жоюға тартылатын облыстың азаматтық қорғау құрылымдарының аумақтық жүйесінің 4971 жеке құрам, 697 дана техника және 112 мотопомпа (сонымен қатар 11 шұғыл әрекет ету жасағының 690 адам, 227 дана техника) жоғары дайындыққа келтірілді.
Бақылау және зардап шеккендерді көшіру үшін тараз қаласының әуежайында Қазавияқұтқару АҚ «ЕС-145» тікұшағы кезекшілікте тұр.
Анықтама: Көктемгі тқтенше жағдайларды жоюға арналған ІІМ күш құралдары облыс аумағында 653 адам, 57 дана техника және 20 жүзу құралдарын құрайды.
Облыстық ТЖД күш құралдары – 2 дана ПНС-110, 2 дана АР, жеңдер қоры – 2420 м., мотопомпа – 30 дана, қосалқы моторлымен қайықтар – 9 дана, 2 – дана автокөлік (1 дана вохтовка Камаз, 1 дана Урал вохтовка), 1 дана КШМ, 1 дана вездеход-болотоход, 31 дана жоғарғы жүрісті өрт сөндіру автокөлігі.