• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Су басқан аймақтарға 100 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жіберілді

Су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілген өңірлерге 100 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жіберілді

02.04.2024
0
Су басқан аймақтарға 100 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жіберілді
114
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Өңірлерде тасқыннан зардап шеккендерге көмек жинау пункттерінің жұмысы жалғасып жатыр.

Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Абай және Ақмола облыстарында су тасқынына қарсы іс-шараларға 20 000-нан астам волонтер қатысты.

Ақтөбе облысы

Өңірде облыстық волонтерлер штабы құрылды. Еріктілер заттар мен азық-түліктерді жинау пункттерінен эвакопункттерге тәулік бойы тасымалдауға көмектесті.

Соңғы тәулікте 2000 адамға арналған ыстық тамақ ұйымдастырылды.

Ақмола облысы

Су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде волонтерлер су басқан аумақтардан тұрғындарды эвакуациялап, су бұру және құтқару қызметтерінің қызметкерлері үшін ыстық шай мен тамақ ұйымдастырды.

Батыс Қазақстан облысы

Аймақта 1000-нан астам волонтер жұмыс істейді. Олар ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп, Өскен, Новостройка ауылынан 500-ден астам тұрғынды эвакуациялауға көмек көрсетті.

Қостанай облысы

Волонтерлік қызмет пен көмек көрсетуді үйлестіру үшін волонтерлік штабтар құрылды. Штабтағы мобильді топтар үйлерден су шығарып, ыстық тамақ ұйымдастырып, гуманитарлық көмек тасымалдап, зардап шеккендерге медициналық және психологиялық қолдау көрсетті.

Өңірде 1500-ге жуық волонтер көмек қолын созуда.

Абай облысы

Көктемгі су тасқыны салдарымен күреске 500-ден астам волонтер тартылды. Олар зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіп, эвакуациялауға атсалысып, азық-түлік пен қажетті заттарды жеткізумен айналысып жатыр.

Түркістан облысы

​Ақтөбе облысына 30 тонна гуманитарлық көмек жіберілді. Гуманитарлық көмек қабылдау бойынша штабтар жұмыс істейді. 1000-ға жуық волонтер жұмылдырылды. Ақтөбе облысына екі көмек керуені жіберілді. 15 волонтер апаттық қалпына келтіру жұмыстарына қатысып, Ақтөбеде зардап шеккендерге көмек көрсетуде.

Астана

Тасқын қатты болған аймақтарға 14 газель гуманитарлық көмек, оның ішінде Қостанай облысына 8 газель жіберілді.

Елордада көмек жинау және ұйымдастыру үшін 9 қойма жұмыс істейді, жалпы 30 волонтерлік ұйым және 200 волонтер жұмылдырылған.

Атырау облысы

Ақтөбе облысына азық-түлік, киім-кешек, гигиеналық құралдар мен тұрмыстық заттарды қоса алғанда 8 тонна гуманитарлық көмек жіберілді.

Шымкент

Су тасқынынан зардап шеккендерге 2 тоннадан астам көмек жиналды. Волонтерлер жергілікті халыққа көмек көрсету үшін, аймақтарға баруды жоспарлап отыр.

Павлодар облысы

«Күшіміз бірлікте» республикалық акциясы аясында 240 волонтер құтқарушылар мен өз бетінше көмек көрсетіп жүрген адамдарды ыстық тамақпен қамтамасыз етіп, зейнеткерлер аулаларын қардан тазартты.

Маңғыстау облысы

«Біз біргеміз» акциясы аясында материалдық және гуманитарлық көмек жинау ұйымдастырылуда. Жақын арада 6 газель су тасқыны басқан өңірлерге жіберілетін болады.

Солтүстік Қазақстан облысы

Волонтерліктің фронт-кеңсесі және «Көмек жаныңда» волонтерлер қозғалысы ТЖД — мен бірлесіп халыққа нұсқаулар жүргізді. Су басу қаупі әлі де бар жерлердегі тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жасалып, ақпараттық материалдар таратылды

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық волонтерлер желісі волонтерлердің аймақтық фронт-кеңсесі базасында call center құрылды. Зардап шеккендерге көмек көрсетуге және волонтерлерді үйлестіруге арналған бірыңғай байланыс нөмірі +7 708 706 4242.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Тегтер: гуманитарлық көмеккөмексу тасқыны
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты 1 қыркүйектен бастап енгізіледі

Мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты 1 қыркүйектен бастап енгізіледі

20.05.2025
Математикадан республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

Математикадан республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

20.05.2025
Таза Қазақстан: 89 мыңнан аса жамбылдық экологиялық акцияға үлес қосты

Таза Қазақстан: 89 мыңнан аса жамбылдық экологиялық акцияға үлес қосты

20.05.2025
Жамбыл Қазақстандағы инвестиция көлемі бойынша рейтингте көш бастады

Жамбыл Қазақстандағы инвестиция көлемі бойынша рейтингте көш бастады

20.05.2025
Алматы облысында PepsiCo компаниясының зауыты салынады

Алматы облысында PepsiCo компаниясының зауыты салынады

20.05.2025
Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрімен келіссөз жүргізді 

Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрімен келіссөз жүргізді 

20.05.2025
Шығанақ орта мектебінің оқушылары облыстық гранд финалға жолдамаға ие болды

Шығанақ орта мектебінің оқушылары облыстық гранд финалға жолдамаға ие болды

20.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский