«Тараз» футбол клубының спорттық директоры болып Қазбеков Ғабит Еркінбекұлы тағайындалды. Ол 1972 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданында дүниеге келген. 2013 жылы «Тараз» футбол клубында спорттық директор, 2017–2019 жылдары директордың орынбасары, ал 2020 жылы атқарушы директор қызметтерін атқарған.
2024 жылы Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы жетекшісінің орынбасары болды.