Есмұрзаев Қуандық Әлімханұлы 1980 жылы 14 қарашада дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 2002 жылы – М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінде «Дене тәрбиелеу мәдениеті және спорт мамандығы» бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2003 жылы Тараз қаласы, «Дәулет» кәсіпқой спорт клубы қоғамдық қорында грек-рим күресінің жаттықтырушы-оқытушысы, 2006 жылы Тараз қаласы «Әулие-Ата» университетінде дене тәрбиесі және спорт секциясының оқытушысы, 2009 жылы Тараз қаласы, Жамбыл облысы әкімиятының дене шынықтыру және спорт басқармасының №7 облыстық күрес түрлерінен олимпиада жеткіншектерін даярлайтын мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі басшысының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары, 2010 жылы Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, 2012 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының №20 Т.Рысқұлов ауданындағы Е.Ибраимов атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы, 2013 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы №5 облыстық футболдан мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы, 2018 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы №3 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы, 2019 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығының басшысы, 2019 жылдан Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы №7 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы қызметтерін атқарған.