Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев өз саласы бойынша баяндама жасады. Журналистерге арналған баспасөз брифингінде Turaninfo.kz ақпарат агенттігінің бас редакторы спикерге сауал жолдады.
— Мектеп интернаттарды, аудандарда орналасқан мекемелерді вертикаль бойынша министрлікке бағындырамыз деген болатынсыз. Осының мән-жайын түсіндіріп кетіңізші, — делінген сауалда.
— Президенттің тапсырмасы бойынша қазір бір ізді вертикаль басқаруды енгізейін деп жатырмыз. Жалпы осы қағидаларды үкімет тарапынан келісіп, бірнеше рет талқылаған болатынбыз, және де аймақтармен осы сұрақ бойынша бірнеше жиналыс өткіздік. Министрлік аталған ұсыныс бойынша қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдарды, жоғары спортпен айналысатын 3 деңгейдегі мемлекеттік мекемелерді министрлікке бағындандыру жұмыстарын жүргізе бастадық. Олардың ішінде жоғары спорт шеберлік мектептері, мектеп колледж интернаттары және аймақтық олимпиадалық даярлау орталықтары бар. Осы 3 мекемені аймақтардан алып министрлікке тікелей бағынастыру жұмыстарын жүргізбекпіз. Жергілікті 20 әкімшілікпен бірлесіп, бір емес бірнеше жиналыс өткен болатын. Барлықтары осы ұсынысты қолдап жатыр. Енді басты мәселе осының қаражатын және сонымен қатар әрбір аймақтың өзінің баланстарында ғимараттар бар, стадиондар бар тағы басқа жабдықтар бар, сол нысандарды қалай аударамыз деген сұрақпен айналысып жатырмыз. Негізі осы жұмысты 3 кезең бойынша жасасақ дейміз. Бірінші кезеңде — мектеп интернаттары. Себебі олар қыркүйек айынан бастап оқу жылын бастайды. Екінші кезең қаңтардан бастап, ол — жоғарғы спорт шебер мектептері. Себебі олар бағдарлама бойынша қаңтардан бастап бала қабылдайды. Үшінші кезең — Ат спорты. Бұл жұмыстар 26 шілдеде аяқталады, — деп жауап берді вице-министр.
— Тараз қаласындағы мектеп интернатының газы жиі суы жарылатынынан хабардарсыздар. Мекеме осы олқылықтың орнын толтыруға қажетті қаражатты қанша күнде аударасыздар? Мысалы, қазіргі уақытта білім бөлімдері облыстарда білім басқармасына қарайды. Бүкіл мектептердің барлығы облысқа қарағандықтан, ауданда не болып жатқанынан облыстық басқармадағы 40-50 адам ауданда не болып жатқанын білмейді. Сіздер министрлікте отырып, Таразда немесе Семейде болып жатқан басқа жағдайлардан қалай хабар алып, мәселені жедел түрде қалай шешпексіздер?, — деп сұрады журналист.
— Ауылды жерлерде мұндай мекемелер жоқ. Олар барлығы өзіңіз айтып кеткен облыс орталықтарында орналасқан. Қазіргі уақытта осы жұмыс бойынша 10 үлгілері бар денсаулық сақтау министрлігі болсын, өзіңіз айтқандай оқу-ағарту министрлігі, ауыл шаруашылық министрлігі және көптеген департаменттер бар. Бұл жаңадан ашылып жатқан жүйе емес. Мұны неліктен жасап жатырмыз? Біріншіден ұйымдардың саны 50-60 мекеме. Екіншіден, мен басында айтып кеттім бір іздік вертикальді басқару аясында барлық аймақтарды, жаңағы 11 аймақта комиссия жасап, басшыларды жіберіп жатырмыз. Әкімшіліктермен бірлесіп әрине. Қазіргі уақытта соңғы екі олимпиадалық циклде біздің нәтижеміз өкінішке орай онша емес. Сондықтан барлығы жоғарғы спорт шеберлігі, жоғарғы спорттық бағыттарда жұмыс істейтін мекемелерді министрлікке алуды көздейміз. Ол біріншіден сапасын, екіншіден тікелей жауапты қарастыратын болады. Мысалы көрші Өзбекстанда осындай вертикаль басқару бойынша спортқа жауапты адамдар тікелей министрге жауап береді. Сондықтан бізде осындай жүйені үлгіге алып отырмыз. Ол біріншіден президенттің тапсырмасы, екіншіден үкіметтен қолдау бар. Сондықтан жүзеге асырудамыз. Расында да көптеген қиыншылықтар болады. Ол оңай нәрсе емес. Сізді де түсініп отырмын. Бірақ осы жұмысты бастамасақ бұрынғыдай жұмыс жасауға қазір бізде мүмкіндік жоқ, — деді маман.
— Параолимпиада да бесінші орын алған Нышан Өміралы деген азамат дүниеден өткенін хабардарсыздар. Тура осы сұрақты сіздердің министрлеріңізге, Мырзабосыновқа әріптестер қойған еді. Содан кейін демеушілердің қаражатымен Нышанның отбасына қаржылай көмек берілді. Мемлекет бұл спортшы сол кезде біздің елдің намысын қорғаса да ертеңгі күні далада қалдыра береді ма?
— Өміралы Нышан өкінішке қайғылы жағдайда қаза тапты. Бірақ, бірнеше рет демеушілік ақша бөлінген болатын. Бірақ біз оған қарамастан бірнеше үкіметке қарасты министрліктермен ақылдасып осы Өміралы Нышанның сыйақылық төлемін беріп отыруды жөн көрдік. Қазіргі уақытта қаржы министрлігі шешімін берді. Сондықтан келесі аптада бізді үкіметке жіберетін болады. Сондықтан оны үкімет қаулысына еңгізіп Өміралы Нышанның отбасы барлық спортшылар секілді өзіне тиесілі сыйақысын алатын болады, — деді Серік Жарасбаев.
— Спорт басқармалары министрлікке бағынышты болады деген қауесет қаншалықты шындық?
— Аймақтық спорт басқармалары тікелей әкімшілікке қарайды. Бірақ олар кім болады, қай деңгейде екені жаңа мен айтып кеткендей комиссиямен шешіліп әкімшіліктерге үміткерлерді біз жіберетін боламыз, — деп жауап берді сала маманы.
TURANINFO.KZ