Жамбыл облысы Тексеру комиссиясы тарапынан бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлағаны және (немесе) тиімсіз пайдаланғаны үшін мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларына 9 хаттама толтырылып, жалпы сомасы 931,5 мың теңге айыппұл салынды.
«Тараз-Арена» кәсіпорыны бойынша өтелуге жататыны қаржылық бұзушылықтар 16 102,9 мың теңге. Атап айтқанда: 2021 жылы кассада 7 288,1 мың теңге ақша қаражатының жетіспеушілігі және 2021-2022 жылдың 01-қазанына жалпы сомасы 8 814,8 мың теңге еңбек ақылары артығымен негізсіз төленген.
“№5 ОМБЖСМ КММ-сі ғимаратының үй-жайларын күрделі жөндеу» бойынша:
— жүргізілген жұмыстың көлемі мен атқарылған жұмыс актісінің (Ф-№2) сәйкестігіне тартылған сарапшымен бірлесе жүргізілген бақылау өлшемі нәтижесінде 44 990,9 мың теңгеге сметалық құжаттамада көзделген жұмыстар орындалмағаны анықталды;
— қысқы уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезіндегі 1 001,9 мың теңге қосымша шығындар негізсіз төленген;
— қосылатын жұмыстарға арналған сметалық құжаттамасына қосылған жұмыс құны 4 074,1 мың теңгеге негізсіз ұлғайтылған.
TURANINFO.KZ