Қазіргі таңда соттарда «Үлгілі сот» пилотты жобасын жүзеге асыру аясында сот ғимараттарында ашылған «медиация кабинеттері» дауларды бейбіт жолмен шешуге қолайлы орта қалыптастырып отыр. Соның арқасында 2019 жылдың есептік қорытындысы бойынша 22 қылмыстық іс медиация тәртібімен шешілген. Бұл көрсеткіш медиацияны дамытуға айрықша көңіл бөлгенін көрсеткендей.
«Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасы дауларды соттан тыс шешу тәсілдерін жетілдіріп, қоғамдағы даукестіктің деңгейін төмендетуге, соттардың жүктемесін азайтуға, бағыталған шаралар бойынша қарқынды жұмыстар жүргізуде. Сот саласы соңғы жылдары бұл бағытта айтарлықтай бірталай ауқымды шаралар атқарылды. Сот жүйесі дамудың жаңа сатысына көтеріліп заманауи технологиялармен толығуда. Атап айтқанда, «Төрелік» ақпараттық жүйесі, «Сот кабинеті» сервисі, «Электронды шақырту қағаз», «SMS хабарлама», «CALL-орталығы» сенім телефоны, дыбыс-бейне жазатын құрылғылар, бейне конференция арқылы сот төрелігін жүзеге асыру секілді қызметтер бүгінгі күнде белсенді жұмыс атқаруда.
Мысалы алатын болсақ, «Сот кабинеті» қызмет түрі сотқа жүгінушілерді әуре-сарсаңға салмай, өзіне ыңғайлы уақытта қалаған жерінен онлайн режимде сотқа арыз беруі үшін оңтайлы болса, сот үшін бүл жүйе артық қағазбастылықты азайтып отыр. Соттағы ақпараттық технологияларды пайдаланушылар саны жыл санап өсіп отыр. 2019 жылы сотқа жолданған 202 арыз «Сот кабинеті» арқылы түскен. Осы көрсеткіштің өзінен аталмыш сервистің қазіргі күні жұртшылық арасында қаншалықты кең қолданылып отырғанын байқауға болады.
Сонымен бірге, соңғы жылдарда сот отырыстарына қашықтықтан өткізу тәжірбиесі енгізілуде. Қылмыстық, азаматтық істер бойынша тараптардың бірі басқа облыста болған кезде тұрғылықты жердегі сотқа барып, қашықтықтан куәгерлік ете алады. Бұл бастаманың да азаматтардың уақыты мен қаржысын үнемдеу мақсатында енгізілген.
АВТОР: Тараз қаласы №2 сотының судьясы Б.Төребекұлы