Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты ҚР ӘҚБтК-нің 437–бабының 1-бөлігімен (Жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін, сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін тыныштықты бұзу, оның ішінде тұрғынжайда және оның сыртында шұғыл қажеттілікпен байланысы жоқ шу шығаратын жұмыстарды жүргізу, сол сияқты тұрғын ғимараттарда және тұрғын үй құрылысы аумақтарында орналасқан ойын-сауық орындарының жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін тыныштықты бұзуы) әкімшілік ісі бойынша Тараз қалалық полиция басқармасының қаулысының күшін жою туралы шағыды қарады.
Азаматша Т. жаңа тұрғын үйге көшкен соң 2022 жылдың 20 қаңтарында қоныс тойын тойлап, заңмен белгіленген уақытта тыныштықты бұзған. Алайда құқық бұзушылық жасалған күні полицияға ешқандай хабарлама түспеген. Көршілер тарапынан араздық қарым-қатынас қалыптасуына байланысты, азаматша С. орын алған факті бойынша полицияға 2022 жылдың 30 қаңтарында, тек 10 күненнен кейін жүгінгені анықталды.
Полиция қаулысымен Т. кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде 15 315 теңге айыппұл тағайындалған.
Азаматша Т. кінәсін мойындаған жоқ.
Сот қаулысымен Т.-ның шағымы қанағаттандырылып, әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты іс өндірісімен қысқартылды.
Қаулы заңды күшіне енді.