• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Сот органдарынан шығатын құжаттарға апостиль қою дегеніміз не?

07.12.2018
0
Сот органдарынан шығатын құжаттарға апостиль қою дегеніміз не?
600
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Халықаралық қарым-қатынастардың көптеп дамуына байланысты, бір мемлекеттің сот органдарынан шыққан құжатын екінші мемлекеттің аумағында ұсыну қажеттілігі туындап жатады. Құжаттың заңды маңыздылығын қалай растауға болады және ол үшін не  қажет? «Апостиль» термині нені білдіреді?

Апостиль — құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкiлеттiктерiн, сондай-ақ осы құжат бекiтiлген мөрдiң немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба (штамп).

Ресми құжаттарға апостиль қою қызметі Гаагада 1961 жылы 05 қазанда қабылданған Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын Конвенциямен, сонымен қатар бірқатар нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі.

Гаага Конвенциясы азаматтық немесе коммерциялық мәселелерде сот және соттан тыс құжаттарды шетелдік тарапқа беру мен ұсынудың ең тиімді  механизмін қамтамасыз етуге арналған халықаралық процестегі маңызды көпжақты халықаралық келісім болып табылады. Конвенция 57 жыл бұрын қабылданғанына қарамастан 107-ден астам қатысушы — мемлекеттері, соның ішінде Қазақстан Республикасы да бар. Алыс шетелдерге жолдануға жататын апостиленген құжаттар мемлекеттің келбеті іспеттес болып табылады. Құжат ұсынылуға жататын мемлекет Гаага Конвенциясына мүше ел болған жағдайда ғана апостиль қойылады.

Қазақстан Республикасында өз өкілеттігі шегінде апостилдеу құзіретін 9 мемлекеттік орган, соның ішінде сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қоюды Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) жүзеге асырады.

2017 жылдың 31 қаңтарында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында мемлекеттік қызметті көрсету процесін оңтайландыру қажеттігін көрсеткен болатын. Осыған орай мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне тиісті өзгерістер енгізіліп, ағымдағы жылдың 13 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) облыстар,  Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдарына, яғни Соттар әкімшілеріне «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызмет түрін көрсету өкілеттігі берілген.

Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша, ресми құжат пен мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек ұсынылған жағдайда апостиль қоятын лауазымды тұлға ретінде Соттар әкімшісінің жауапты маманы бекітілген. Қызметті алушылар тікелей қызметті берушіге жүгінген кезде, жауапты маман сот органдарынан шыққан ресми құжаттың дұрыстығын, сонымен қатар құжатқа қол қойған лауазымды тұлғанын қолын, тиісті сот мөрі мен мөртаңбасының айқындығын тексереді.

Апостиль қоюға ұсынылған құжаттағы судьялардың қолдары мен сот мөртаңбаларының шынайылығын тексеру қызметін ұйымдастыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Порталында республикадағы қызмет атқарып жатқан судьялардың қолдары мен  соттар мөртаңбаларының электронды нұсқасы енгізілген Сервис құрылып, өз қызметін атқаруда. Сервистегі ақпараттың өзектілігі мен оның жаңартылуы тоқсан сайын жүзеге асырылады.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері біршама қысқартылған, ол азаматтар үшін жағымды жағы болып табылады. Қазіргі таңда азаматтарға Астана қаласына Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына бару қажеттігі жоқ, тек әкімшілік-аумақтық бірлікке, мысалы облыс орталығы Тараз қаласына келсе жеткізілікті. Бұл жайт азаматтардың уақыты мен жолға кететін шығындарын азайтатыны сөзсіз.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:

  1. қызмет берушінің кеңсесі;
  2. «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ( бұдан әрі Мемлекеттік корпорация) арқылы  жүзеге асырылады.

 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Аппараты) Басшысының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 239 бұйрығымен бекітілген «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының  2-бабына сәйкес, қызмет көрсету мерзімдері құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап:   көрсетілетін қызметті берушіге — 1 (бір) жұмыс күні; облыстар, Алматы және Астана қалаларында орналасқан Мемлекеттік корпорация филиалдарының бөлімдеріне — 1 (бip) жұмыс күні; басқа Мемлекеттік корпорация филиалдарының бөлімдеріне — 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенімхат бойынша өкілінің) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға өтініш білдірген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесін ұсынады. Олар:

1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сай өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып);

3) апостиль қою үшін ұсынылатын сот органдарынан шығатын ресми құжат;

4) егер мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының мүддесін үшінші тұлға білдірген жағдайда нотариалдық куәландырылған сенімхаттың болуы;

5) көрсетілетін қызметті алушы тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) өзгерткен жағдайда оны растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып);

6) көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғаны үшін мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртек.

«Апостиль қою» мемлекеттік қызмет түрі ақылы негізде көрсетілетін болғандықтан міндетті түрде мемлекеттік алым төленуі тиіс. Әрбір апостиль қойылатын құжат үшін Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес, Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға уәкілетті мемлекеттік органдардың апостиль қою үшін мемлекеттік баж салығы айлық есептік көрсеткіштің (2405 теңге) 50 пайызы мөлшерінде әр құжат үшін 1202,5 теңге алынады.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Апостиль жасалған шаршы клише — мөртаңба нысанында болады.

Апостильдің үлгісі

 


APOSTILLE
          (Coinvention de la Haye du 5 octobre 1961)
1. Ел _____________________________________________

 

Осы ресми құжатқа
2._________________________________________ ретінде
3. қол қойды (тегі) _______________________________
4. мөрмен/мөртаңбамен бекітілді (мекеменің атауы) ___________________________________________________
                  Куәландырылды
5.__________________ 6. Күні ______________________
7. (куәландырушы органның атауы)___________________ ___________________________________________________
8. N ______________________________________________
9. мөр/мөртаңба ________________10. қолы _________

 

Мөртаңбадағы бағандарды мемлекеттiк тiлде ғана толтыруға жол берiледi. Ұсынылатын құжаттар анық және нақты жазылуға, лауазымды адамдардың қолдары және мөрлердiң бедерi анық болуға тиiс.
      Апостиль құжаттың мәтiннен бос орында не оның арғы бетiнде қойылады және уәкiлеттi мемлекеттiк органның елтаңбалық мөрiмен бекiтiледi.

Апостиль, оны ұсынылған құжатқа қою мүмкін емес болған жағдайда қағаздың бөлек парағында қойылуы мүмкін. Бұл жағдайда құжаттың парақтары мен апостилi бар парақ кез келген түстi жiппен (не арнайы жiңiшке баумен, лентамен) бiрге тiгу жолымен бекiтiледi және нөмiрленедi, бұл туралы «жұлдызшада» тиiстi жазу жүргiзiледі. «Жұлдызша» — құжаттар парағы бекiтiлетiн жерде желiмденетiн және апостиль қоюшы орган елтаңбалық мөр қойған қалың қағаз болып табылады.  Құжаттардың соңғы парағы бекiтiлу орнында елтаңбалық мөр қойылатын «жұлдызшамен» желiмденедi. Бұл ретте қойылған мөрдiң бедерi «жұлдызшада» және парақта бiрдей орналасуға тиiс.

Бекiтiлген парақтардың саны апостильдi қоятын адамның қолымен расталады.

Айнаш Махамбетова, Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісінің бас маманы – мемлекеттік тілді дамыту бойынша

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ  ӨҢІРЛІК КАДР РЕЗЕРВШІСІ ЛАУАЗЫМҒА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК КАДР РЕЗЕРВШІСІ ЛАУАЗЫМҒА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

15.05.2025
Академик, математик, Мұхтарбай Өтелбаев: «Баланы шет елде оқыту мақтаныш емес»

Академик, математик, Мұхтарбай Өтелбаев: «Баланы шет елде оқыту мақтаныш емес»

15.05.2025
Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 10,8%-ға артты

Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 10,8%-ға артты

14.05.2025
Сұйытылған мұнай газын экспорттауға тыйым салу мерзімі ұзартылды

Сұйытылған мұнай газын экспорттауға тыйым салу мерзімі ұзартылды

14.05.2025
Қазақстанда ұлттық жасанды интеллект платформасы пайда болады

Қазақстанда ұлттық жасанды интеллект платформасы пайда болады

14.05.2025
Жұмысшы мамандықтар: Жамбылда 6 салалық кешен ашылады

Жұмысшы мамандықтар: Жамбылда 6 салалық кешен ашылады

14.05.2025
Мектеп оқушылары аудан әкімін таниды ма?

Мектеп оқушылары аудан әкімін таниды ма?

14.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты