Апостиль- құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкiлеттiктерiн, сондай-ақ осы құжат бекiтiлген мөрдiң немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба (штамп).
«Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) /бұдан әрі ЖССҚҚД/, облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдар (бұдан әрі — көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 913 қаулысына сәйкес, сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою үшін өтініштер қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге
асыратын ұйымдардың тізіміне Мемлекеттік корпорация, ЖССҚҚД-нен бөлек тағыда «электрондық үкіметтің» веб-порталы қосылған.
Электрондық нысанда өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz /бұдан әрі – портал/ арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыру мақсатында, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, порталда апостиль қоюға электрондық өтініш беру сервисін іске асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап Single Sign-On технологиясы арқылы апостиль қою туралы өтініш «Сот кабинеті» сервисіне түсіп, онда өтініштің электрондық үлгісін толтыру, мемлекеттік бажды төлеу, басқа құжаттарды бекіту бойынша функционал іске асырылған.
Порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсетуге дайын екендігі туралы хабарлама не бас тарту себептері көрсетілген жауап жіберіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетiлгенi үшiн «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексiнiң (Салық кодексi) 615-бабының 7) тармақшасына сәйкес әрбір апостиль қойылатын құжат үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алынатын мемлекеттік баж екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ «электрондық үкімет» төлем шлюзі/ бұдан әрі – ЭҮТШ/ арқылы төленеді.
Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі — құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап, бір жұмыс күн.
Порталдағы жұмыс кестесі: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді сұрану өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Қабылдау жедел қызмет көрсетусіз, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша «электронды кезек» тәртібінде жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша қабылдау портал арқылы электронды кезек брондалуы мүмкін.
Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының электронды цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық өтініш;
2) апостиль қою үшін ұсынылған құжаттың электрондық көшірмесі (сканерленген көшірген);
3) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (сканерленген көшірмесі) (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда).
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжатты (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайы, мына интернет- ресурстарда орналастырылған:
1) көрсетілетін қызметті беруші: www.sud.gov.kz;
2) Мемлекеттік корпорация: www.gov4с.kz.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету
тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселесі бойынша бірыңғай байланыс орталығы, яғни 1414, 8 800 080 7777 арқылы ала алады.
Людмила Сырымбетова, Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісінің бас маманы