Жоғарғы Сот онлайн сервистердің пайдаланылуына сот процесіне қатысушылар мен азаматтардың пікірін ескеріп, тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. «Сот кабинеті» негізгі онлайн сервистердің бірі болып табылады. «Сот кабинеті» іске қосылған сәттен бастап пайдаланушылар оның ыңғайлылығы мен тиімділігін бағалады.
Сервис жетілдірілуде және сот жүйесінің басты электрондық сервисі ретінде өзге бейнеден көрінуде. Бүгін біз азаматтарға ыңғайлы болуы үшін сот бұйрығын шығаруға арналған арызды жіберуге сервисті бөлек шығардық, сондай-ақ:
— жеңілдетілген тәртіппен шығарылған шешімнің күшін жою туралы арыз;
— мемлекеттік бажды қайтаруға арыз;
Арыздар мен шағымды жіберу үшін пайдаланушы өтініштің ұсынылған нысанын толтырып, қоса берілетін құжаттардың сканерленген көшірмелерін жүктеуі және электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойып, тиісті сот органына жіберуі қажет. Осылайша, пайдаланушыға сотқа барудың және кезекте тұрудың қажеті жоқ. Бұл азаматтардың уақытын және қаржы шығындарын айтарлықтай үнемдейді. Сондай-ақ кез келген ыңғайлы уақытта өтініштің және істің қаралу барысын қарап шығуға болады.
Тараз қаласының әкімшілік құқық
бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған
сотының жетекші маманы Улбала Рахманбекова