Соңғы бес жылда бөлімшенің 192,64 км жолын күрделі жөндеу кезінде 242 556 жаңа темірбетон шпалы төселді.
Ағымдағы жылы 26,05 км-ге күшейтілген орташа жөндеу жұмыстары, сондай-ақ 1,3 км жолға орташа жөндеу жүргізілді. Жамбыл – Жаңатас учаскесінде күшейтілген орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда. Негізгі жолда 213 жиынтық мөлшерінде жаңа темірбетон арқалықтарға бағыттамалық бұрмаларды ауыстыру жүргізілді. Бірлік-2 станциясын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Теміржол инфрақұрылымын жаңғырту аясында Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің Алайғыр станциясы 2/4 және Көктөбе станциясы 5/7 жаңа бағыттамалы көшелер салынды. КТҚК (көпфункционалды техникалық құралдар кешені) бекеттік жабдығы 19 станциядағы модульдік контейнерлерге көшірілді.
2023 жылы Саршыған, Шығанақ, Шу, Түрксіб, Тараз станцияларында желілік-аппараттық залдардың (ЖАЗ) өңірлік байланыс тораптарын жаңғырту жүргізіліп, онда бағдарламалық-аппараттық жабдықтар кешені пайдалануға берілді.
Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінде теміржолшылардың еңбек жағдайларын жақсартуға ерекше көңіл бөлінеді. Автопаркті жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2024 жылы «DONGFENG» маркалы 14 автомобиль, қалпына келтіру пойызына арналған 1 ЧЕТРА Т-35 бульдозері және 1 МПТ-6 мотовозы сатып алынды.
ҚТЖ баспасөз қызметі