TURANINFO.KZ ақпарат агенттігінің бас редакторы Исламбек Дастан Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтан облыстық дзюдо федерациясын басқару бойынша ұсынысына жауап берді
«Ғалымжан ағайдың айтып өтті, Демеу Жадыраев жүрмеудің жемісі маған шынымен мотивация сыйлады алдыма. “Әлі де күресуге болады екен ғой” деген сияқты ой туындады. Енді шын мәнінде Жамбыл облысының дзюдосын көтеруге ат салысатын адамды табу. Ақылдасып бапкерлерімізбен, спорт басқармасымен ақылдасып отырып келісім шығарып бір адамды сайлаймыз. Бірақ “енді мен өзім қолға алам, өзім осы нәрсені ары қарай жүргізем” деп айта алмаймын. Өйткені, кешегі шешім қабылдауымыз біз әлі татамидің үстінде өзімді көріп тұрмын. Татамидің үстінде әлі де өзімді көргім келеді. Бұл енді спортқа деген махаббатымыз әлі басылған жоқ деп ойлаймын. Өйткені қазір олимпиада ойындарын ұтқанға сары нашифка береді. Бізде дзюдо бойынша әлемдік чемпионатын артында қызыл нашифка жазылып тұрады қызыл жазумен, олимпиада ойындарын ұтсаң сары жазумен жазылып тұрады. Енді ол олимпиаданың сары жазуын келесі 2028 жылғы олимпиадаға дейін таға аласың кез-келген жарыста. Өйткені адам сол олимпиаданы ұтқанының белгісі да бұл дзюдоның ішінде. Сол сияқты Қазақстанымызға тарихымызға 1-ші рет келіп жатқаннан кейін, сары нашифка бар маған мотивация беріп тұрған күрес деген сияқты. Еліміздің чемпионы бар екенін әлі де әлемге көрсету керек. Бұл менің спортта жүргенім жастарға үлкен мотивация, оларға залда жүріп бір әдісті үйретсем де, бірнәрсені көрсетсем де, кішкентай болсын тәжірибеде алмаса да оларға сол үлкен мотивация болады деп ойлаймын. Сондақтан, қазір жұмыс барысына кірісуге әлі ертелеу, бірақ енді құдай қаласа ағайларымызбен шешім қабылдап, бір жағын шығарамыз» деді Сметов.