Суицидті мінез-құлыққа әсіресе екі жас топтары бейім болады кәрі адамдар мен жасөспірімдік және бозбалалық шақтағы жас адамдар. Сондықтан жастар арасында жеке адам аралық қатынастары бұзылған«жалғыздар»,алкоголь немесе есірткіні шектен тыс пайдаланатындар, гомосексуалистер сияқты суицидальдық рискісі жоғары жас адамдар ерекшеленеді. Ал мамандар бұл дерттің көп тіркелу себебін, біріншіден, қоғамның бір формациядан екінші бір формацияға өтуіне байланысты болса, екіншіден, қатаң нарық пен БАҚ-тардағы адамды рухани аздыруға әкеп соқтыратын дүниелер де айтарлықтай әсер етіп отырғандығымен байланыстырды. Психиатр мамандардың болжамы бойынша, жүйке ауруына шалдыққандар саны қай елде де көп тіркелген жүрек-қан тамырлар ауруын қуып жетіп қалды. Суицидке әкеп соқтыратын жүйке ауруының алдын алуды мемлекеттік деңгейде шешу керек. Әсіресе жастар арасындағы суицидке баса назар аударуға тиіспіз. Себебі суицид барған сайын «жасарып» барады. Бір қуантарлығы, Үкімет психиатрия саласына да лайықты көңіл бөле бастады. Қаржы да, бұрынғыға қарағанда, көп бөлінеді. Қазір білім ошақтарындағы бағдарламаларға психология тақырыбы бойынша дәрістер енгізіле бастады. Осы кеселмен күресуде «Тараз достары» жастар қоғамдық бірлестігі түрлі шараларды іске асырып, түрлі ұжымдар арасында тренингтер өткізуді қолға алған болатын. Мәселен, жастар қоғамдық бірлестігі ағымдағы жылы Шу ауданында «Жастардың өзекті мәселелері, жастар арасында өзі-өзіне қолсалушылық, суицид фактілерін азайту мақсатында және өзін-өзі танудағы психологиялық зерттеу мен көмек көрсету бойынша кешенді іс-шаралар жоспары» атты әлеуметтік жобаны іске асыру бойынша төмендегідей шаралар өткізді. Нақтырақ айтқанда, «Мен Отанымның болашағымын» акция аясында «Тәртіптен тәрбие басталады» кездесулер Ескі Шу мен Далақайнар ауылдық округтерінде өрбіді. Кездесуді облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі, облыс әкімнің жанындағы кәмелет жасқа толмағандар мен балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшесі И.Дастан жүргізді. Барлығы 70 адам қатысқан жиында Исламбек Дастан өзін-өзі өлтіру қоғамда адам қалыпты,жалпыға белгілі жолдармен шеше алмайтын немесе оны шешудің
қажеттілігін керек қылмайтын жеке тұлғалар арасына қатысты проблемалардың бар екенін көрсетеді.Өзін-өзі өлтіру -өзін- өзі өлтірген немесе оған барған тұлғаның-суициденттің- психо әлеуметтік теріс бейімделуімен аяқталатын,шешілмеген жанжалдың салдары екендігін атап өтіп, адам қай кезде де сабырлы болу керектігін жеткізді.
Сонымен қатар «Отбасы – қоғам бірлігі» акция аясында ойындар өткізілді. Ойындарды М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің мұғалімі, психология ғылымдарының магистрі, Райқұлова Аида Өмірзаққызы жүргізді. Оқу ордасының ұстаздары мен студенттері қатысқан жиында Аида Райқұлова Отбасы әр адамның өмірінде, қоғам мен мемлекетте ерекше маңызды орын алатыны бәрімізге мәлім екендігін айта келе, отбасы әр адам үшін махаббат пен қолдаудың сарқылмас бұлағы болып табылатындығын қадап айтты. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің мұғалімі, психология ғылымдарының магистрі, Аида Райқұлова №10 Шу колледжінде «Өзінді-өзін тани аласын ба?» атты
психологиялық тренинг өткізіп, шараға қатысушыларға писхологиялық кеңестер бере отырып, өмірде болмашы дүниелерге сақтарының сынып қалмауы керектігін жіті түсіндірді. Мұнымен қоса аталған аудан өткен «Мен Отанымның болашағымын»
акция аясында «Отанды қорғау борышын» атты әскерге кететін ерлер азаматтармен кездесу өткізілді. Арнайы кездесуге Ауған соғыс ардагері, «Тараз қаласының Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер одағы» қоғамдық бірлестік төрағасы Дүкенбай Сайлаубекұлы Ермеков Төле би ауылындағы Ермұхан Бекмаханов атындағы мектепте ерлар балалармен кездесіп, ержігітке тән мінездер турасында кеңінен әңгіме өрбітті. Ол өз сөзінде әскерге бару ержігіттің Отан алдындағы айнымас борышы екендігін жеткізді. Сонымен қатар аудандық қорғаныс істер бөлімінің бастығының орынбасары да бұл қоштап, ер жігіттерді әскерге баруға шақырды. «Отбасы – қоғам бірлігі» акция аясында «дөңгелек үстел» отырыстары
Қорағатты, Ақтөбе ауылдық округтерінде облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі, облыс әкімнің жанындағы кәмелет жасқа толмағандар мен балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшесі Исламбек Дастан жүргізді. Барлығы 70 адам қатысқан шарада отбас құндылықтар кеңінен насихатталды. Және жиынға қатсушылар да өз ойларын ортаға салып, аталған мәселенің қоғамдағы алар орны туралы пікірлерімен бөлісті.
«Өзінді-өзін тани аласын ба?» атты психологиялық тренинг «Алмас» колледжінде өткізілді. Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының психологы жүргізді. Ол шарада маман жиынға қатсушыларға психологилық кеңес беріп, өзінің өміріндегі тәжірибелерімен бөлісті. Аталған тақырыптағы психологиялық тренинг Тараз қаласындағы Теміржол
колледжінде өз жалғасын тапты. «Мен өмірімді өзім құрастырамын» атты 7-11 сынып оқушылары арасында сурет салудан байқау мен «Бақытты отбасының негізі» атты колледж студентері арасында шығарма байқауы өткізілді.