• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Шу ауданы бойынша діни экстремизм мен терроризмді алдын алу бағытталған жұмыстар туралы

03.01.2017
0
Шу ауданы бойынша діни экстремизм мен терроризмді алдын алу бағытталған жұмыстар туралы
395
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

«Экстремизм» термині – аударма мағынасында шектен тыс көзқарастар мен әрекеттерді ұстану, қоғамдағы тәртіп пен нормаларды жоққа шығару ретінде анықталады. Ал терроризмнің басты белгілері «зорлық-зомбылық», «үрей туғызушылық», «кінәсіз адамдарға кесірін тигізу». Экстремизмге қарсы күрестің негізгі жолы – олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру. Бұл орайда ақпарат құралдарының рөлі ерекше болғандықтан, секталардың, экстремистік топтардың қауіптілігі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру керек. Террорлық жолға түскен адамдардың мұсылман болып қалуы неғайбыл. Себебі дінде адам өлтіру арқылы ізгі мақсатқа жету туралы ұғым мүлде жоқ. Жас ұрпаққа рухани тәрбие беріп, діни сауатын ашу үшін барлық жағдай жасалды дей алмаймыз. Бүгінде жағдай әбден ушыққанда ғана жедел шаралар қолға алынады. Бала тәрбиесі баршамызға ортақ. Осы орайда, адасқан жастар неліктен адамзаттық құндылыққа қарсы шығады? Өз ұлтын өзі жау көріп, «жанды бомба» болып жарылуын қалай түсінеміз? Бұл сауалдардың жауабы — тәрбиеде кемшін кеткен тұстар бар. Діни сауаты жоқ, рухани тәрбиеден жұрдай осындай жандарды әлдебіреулер жолдан тайдыру арқылы санасын роботқа айналдырып, өз мақсатына қолдануда. Тіпті оларды көндіру үшін түрлі дәрі-дәрмектер мен психотроптық заттардың көмегімен арандату жағдайлары да жиі кездеседі. Бұл мәселедегі басты бағыт – ол адамға ненің дұрыс, ненің бұрыстығын үйрету. Ислам діні өзімшілдікке жол бермейді, соғыс пен қантөгіске шектеу қояды. Құран қағидалары қақтығыстың алдын алып, ұрыс-жанжалды харам еткен. Ислам дінінде жазықсыз адамның өмірін қию – үлкен күнә, ауыр қылмыс болып саналады. Ислам террорға, зорлық зомбылыққа, бейбіт жандарға күш қолдануға қарсы. Өкінішке орай соңғы уақытта әлемнің түкпір-түкпірінде ислам атымен сан мыңдаған адамдардың қаны төгіліп жатады. Осындай жағдайлар болмас үшін ауыл тұрғындарымен түрлі форматтағы кездесулер, семинарлар өткізіп тұру бұл қауіпті кеселдің алдын алуға кішкентай да болса өз септігін тигізетіні анық.

Осы орайда Шу ауданы, Балуан Шолақ ауылының тұрғындары мен мектеп мұғалімдеріне семинар өтті. Ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің жоспарлау және ұйымдастыру бөлімінің инспекторы А.Құлымбетов Балуан Шолақ ауылының аппаратында ауыл тұрғындары мен мектеп мұғалімдеріне «Ауыл тұрғындары арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында семинар болды. Семинар барысында елімізде соттың шешімімен тыйым салынған экстремистік ұйымдартуралы толық ақпарат берілді. Дәстүрлі емес діни ағымдар адам санасын қалай улайтыны және осы арбауға түспеу жолдары туралы тереңінен түсіндірілді. Іс-шара шеңберінде тыңдаушыларға: дін саласындағы мемлекеттік саясат, әр-түрлі санаттағы тұрғындардың арасында ақпараттық жұмыс жүргізу нысандарын жетілдіру, діни экстремизм және терроризмнің алдын алу,толеранттылық және конфессияаралық келісімнің дамуындағы өзекті мәселелерреті назарға алынды. Іс-шара барысында пікірлер алмасылды. Соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толықтай жауаптар берілді.Сонымен қатар осы жылдың 29 қыркүйегінде Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің жоспарлау және ұйымдастыру бөлімінің инспекторы А.Құлымбетов Шу қаласы, Абай мектебі мұғалімдері мен тұрғындарына «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары» тақырыбында конференция ұйымдастырды. Конференция барысында елімізде соттың шешімімен тыйым салынған экстремистік ұйымдар туралы толық ақпарат берілді. Дәстүрлі емес діни ағымдар адам санасын қалай улайтыны және осы арбауға түспеу жолдары туралы тереңінен түсіндірілді. Конференция шеңберінде тыңдаушыларға: дін саласындағы мемлекеттік саясат, әр-түрлі санаттағы тұрғындардың арасында ақпараттық жұмыс жүргізу нысандарын жетілдіру, діни экстремизм және терроризмнің алдын алу, толеранттылық және конфессияаралық келісімнің дамуындағы өзекті мәселелер реті назарға алынды. Конференция барысында пікірлер алмасылды. Соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға
толықтай жауаптар берілді. Сондай-ақ осы тақылеттес жиындар Шу ауданы, Алға ауылының мектеп мұғалімдері мен жоғары сынып оқушыларына, Бәйдібек ауылының тұрғындары мен мектеп мұғалімдеріне семинар, Төле би ауылының тұрғындары мен мектеп мұғалімдеріне кездесу, Жаңа қоғам ауылының тұрғындары мен мектеп мұғалімдеріне дөңгелек үстел, Бірлік ауылының мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне дөңгелек үстел түрінде өтіп, дін туралы өзекті мәселелер көтеріліп, талқыланды.

turaninfo.kz

Тегтер: дінЖамбыл облысымәселешу ауданы
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Тараздан екі топ гранд-финалға жолдама алды

Тараздан екі топ гранд-финалға жолдама алды

17.05.2025
Өңірде 11,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

Өңірде 11,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

16.05.2025
Үкімет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

Үкімет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

16.05.2025
ҰҚК Ақмола облысында жарылғыш заттардың заңсыз айналымының жолын кесті

ҰҚК Ақмола облысында жарылғыш заттардың заңсыз айналымының жолын кесті

16.05.2025
PedSTART: Колледж студенттері арасында облыстық педагогикалық олимпиада өтті

PedSTART: Колледж студенттері арасында облыстық педагогикалық олимпиада өтті

16.05.2025
Қауіпті қылмыскер кісі өлтіруге оқталғаны үшін Армениядан экстрадицияланды  

Қауіпті қылмыскер кісі өлтіруге оқталғаны үшін Армениядан экстрадицияланды  

16.05.2025
Еліміздің мектептерінде педагог тапшылығы жойылды

Еліміздің мектептерінде педагог тапшылығы жойылды

16.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты