• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

«ШИН-ЛАЙН» КОМПАНИЯСЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘНЕ БАЛМҰЗДАҚ ШЫҒАРАТЫН ЕҢ ІРІ КӘСІПОРЫННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА 33,4 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАЙДЫ

10.03.2021
0
«ШИН-ЛАЙН» КОМПАНИЯСЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘНЕ БАЛМҰЗДАҚ ШЫҒАРАТЫН ЕҢ ІРІ КӘСІПОРЫННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА 33,4 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАЙДЫ
366
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

 

Бүгін қазақстандық «Шин-Лайн» компаниясы мен Алматы облысының әкімдігі Алматы облысының Байсерке ауылында азық-түлік және балмұздақ өндіретін кәсіпорындар кешенін салуды және «Даму» логистикалық орталығының өндіріске іргелес аумағын аббатандыруды көздейтін ірі инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында ҚР индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының (ИИДМБ) механизмдерін тиімді қолдану туралы меморандумға қол қойды.

Жаңа өндіріс кешені ТМД, Шығыс Еуропа және Орталық Азия мемлекеттеріндегі ең ірі және инновациялық балмұздақ фабрикасын, сондай-ақ әр түрлі азық-түлік шығаратын кәсіпорындарды қамтиды. Құрылыстың бірінші кезеңінің жобалық қуаты жылына 21 500 тонна өнімді құрайды, 2024 жылға қарай кәсіпорын тәулігіне 350 тонна өнім шығарады. Жобаның жалпы құны 33,4 млрд теңгені құрайды. Кешеннің құрылысы 17 гектар аумақта жүзеге асырылады. Аймақтың ең заманауи балмұздақ өндірісі осында шоғырланады, сондай-ақ мұнда сүт өнімдері, мұздатылған жартылай дайын өнімдер, қамыр, әр алуан кеспе түрлерінің өндірісі ұйымдастырылады.

«Шин-Лайн» компаниясы мен Алматы облысының әкімдігі жаңа өндірістік кешен салу жобасын жүзеге асыруда ынтымақтастыққа, мемлекеттік және аймақтық даму бағдарламаларын тиімді жүзеге асыру үшін барлық мүмкін шараларды қабылдауға дайын екендіктерін білдірді. Алматы облысының әкімдігі кәсіпорынға мемлекеттік органдармен әрекеттесуді, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үшін қажетті консультациялық қолдау көрсетуді, сондай-ақ іске қосылған және болашақта жаңа өндіріс құрылысында пайдаланылатын жер ресурстарына және инженерлік инфрақұрылымға қолжетімділікті қамтамасыз етеді. «Шин-Лайн» компаниясы өз тарапынан облыстық әкімдікке құрылыстың барысы туралы ақпарат беруді, өндірісті қаржылық және стратегиялық дамыту бойынша іс-шаралар жоспарлауды және мемлекеттік органдармен қажетті әрекеттестік ұйымдастыруды өз мойнына алады.

Меморандумға қол қою барысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов азық-түлік өндірудің стратегиялық саласында жаңа отандық ірі инвестордың пайда болуын құптап, өңірде қолайлы инвестициялық жағдай қалыптасқанын атап өтті: «Бүгінгі таңда Алматы облысының инвестициялық портфелінде 44 мың жұмыс орнын құрумен жалпы құны 5,4 трлн теңгені құрайтын 546 жоба бар. Біз ірі ұлтаралық компаниялармен де жұмыс істейміз. Бізде олармен бірлескен 9 жоба бар, оның 3-уі жүзеге асырылды. Біз балмұздақ және азық-түлік өнеркәсібінің көшбасшыларының бірі болып табылатын «Шин-Лайн» компаниясымен ынтымақтастықты бастауға қуаныштымыз. Осындай ауқымды жобаны жүзеге асыру Іле өңірі мен жалпы аймақ экономикасына оң әсерін тигізеді. Өйткені, жаңа өндіріс дегеніміз — азық-түлік қауіпсіздігі, тұрақты жұмыс орындары, бюджетке салық түсімдері. Біз өз тарапымыздан қажетті қолдау көрсетеміз. Біз өз тарапымыздан, соның ішінде сыртқы инженерлік желілерді төсеуге қажетті қолдау көрсетеміз. Сондай-ақ, біз «Қорғас — Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының аумағында логистикалық орталық ашуға көмектесе аламыз»».

Сонымен қатар, Алматы облысында ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу саласында 373 кәсіпорын бар екендігі атап өтілді. Барлығы 2020 жылдың соңына таман 8% өсіммен 281,2 млрд.теңге көлемінде азық-түлік өндірілді.

«Шин-Лайн» компаниясының басшылығы мүлдем жаңа фабрика салуға саналы түрде шешім қабылдады, өйткені бұл тәсілдің қайта құрудан айырмашылығы – қолданыстағы кәсіпорынның ерекшеліктеріне байланысты шектеулер қоймайды. Компания жаңа өндіріс орнында өндірістің, қауіпсіздік пен тиімділіктің үздік әлемдік стандарттарын іске асыру үшін бәрін жасауды жоспарлап отыр.

«Шин-Лайн» компаниясының президенті Андрей Шин Алматы облысында жаңа өндіріс салудың жобасын жүзеге асыру өз саласындағы жетекші өндірушілердің біріне ірі отандық инвесторлардың қатарына кіруге мүмкіндік беретінін атап өтті. Тек бір балмұздақ сегментінде ғана компания ішкі нарықтың 35% құрайды. Жаңа өндіріс орнын құру компанияның ішкі нарықтағы барлық тауарлық санаттағы позициясын нығайтуға және «Шин-Лайн» өнімдерін және сәйкесінше қазақстандық тауарларды экспорттық нарықтарда кең көлемде ұсыну үшін плацдарм жасауға мүмкіндік береді. Компания Орталық Азияның көптеген елдерінде көшбасшы орын алуға ниетті. 2020 жылдың қорытындысы бойынша «Шин-Лайн» балмұздағы Беларуссияның жалпы балмұздақ импортының жартысынан астамын иеленді, компанияның қырғыз балмұздақ нарығындағы үлесі қазірдің өзінде 50% -дан асты, компания өнімдері Әзірбайжанда, Ресейде, Моңғолияда және Қытайда танымал. Алдағы жоспарлары — «Шин-Лайн»  әлі ұсынылмаған жаңа нарықтарға, мысалы, украин нарығына шығу.

— Біздің басты ресурсымыз – бұл үлкен және кәсіби команда, — деп «Шин-Лайн» компаниясының президенті Андрей Шин атап өтті. – Біз күрделі және креативті өнімдермен жұмыс істеу тәжірибесі мол, Ресей, Балтық және Шығыс Еуропа елдеріндегі индустрияның көшбасшы компанияларында жұмыс тәжірибесі бар мамандарды тартамыз. Қызметкерлердің кәсіби дамуына көп күш жұмсаймыз.

2025 жылға қарай «Шин-Лайн» компаниялар тобында шамамен 2 500 жаңа жұмыс орны құрылады, барлық мамандықтардағы қызметкерлердің саны өседі, оның ішінде инженерлік персонал, технологтар, талдаушылар, маркетологтар және IT-мамандары.  Компания ішінде кадрлар даярлауға көп көңіл бөлінеді, «Шин-Лайн»-да практикадан өткен жоғарғы оқу орындарының студенттері диплом алғаннан кейін компанияда жұмыс істеуге қалып, кәсіби өсуге жақсы мүмкіндіктер алады.

Тегтер: АлматыкомпанияШин-Лайн
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Тараздан екі топ гранд-финалға жолдама алды

Тараздан екі топ гранд-финалға жолдама алды

17.05.2025
Өңірде 11,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

Өңірде 11,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

16.05.2025
Үкімет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

Үкімет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

16.05.2025
ҰҚК Ақмола облысында жарылғыш заттардың заңсыз айналымының жолын кесті

ҰҚК Ақмола облысында жарылғыш заттардың заңсыз айналымының жолын кесті

16.05.2025
PedSTART: Колледж студенттері арасында облыстық педагогикалық олимпиада өтті

PedSTART: Колледж студенттері арасында облыстық педагогикалық олимпиада өтті

16.05.2025
Қауіпті қылмыскер кісі өлтіруге оқталғаны үшін Армениядан экстрадицияланды  

Қауіпті қылмыскер кісі өлтіруге оқталғаны үшін Армениядан экстрадицияланды  

16.05.2025
Еліміздің мектептерінде педагог тапшылығы жойылды

Еліміздің мектептерінде педагог тапшылығы жойылды

16.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты