• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Шілде айында ЭЕБ-да 87 мың бос жұмыс орны орналастырылды

23.08.2022
0
Шілде айында ЭЕБ-да 87 мың бос жұмыс орны орналастырылды
96
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

2022 жылғы шілдеде Электрондық еңбек биржасында (бұдан әрі — ЭЕБ) 87 мың бос жұмыс орны және 70,6 мың түйіндеме орналастырылды. Өткен аймен салыстырғанда бос орындар саны 30%-ға төмендеді, ал өзекті түйіндемелер саны 18% — ға артты. Сондай-ақ, еңбек нарығының маусымдық ерекшеліктері есебінен біліктілігі төмен кадрларға сұраныс қысқаруда.

Өткен айдың қорытындысы бойынша мамыр айында көрсеткіштерге жақындай отырып, жұмыс берушілер тарапынан белсенділіктің төмендегені байқалады. Бұл құлдырау фермерлер мен ауыл шаруашылығындағы жұмысшыларға (-70%) және біліктілігі жоқ жұмысшыларға (-43%) сұраныстың төмендеуімен байланысты. Бұл үрдіс маусымдық сипатқа ие, мәселен, өткен жылдың шілде айында бос орындар саны өткен жылдың өткен айымен салыстырғанда 15% — ға төмендеді.

Өңірлер бойынша Жамбыл облысында ұсыныс 71%-ға, Қызылорда облысында – 55%-ға, Ақтөбе облысында – 52%-ға және Солтүстік Қазақстан облысында – 48%-ға төмендеді. Алайда Батыс Қазақстан және Алматы облыстарында кері үрдіс байқалады, ұсыныстың тиісінше 13%-ға және 4%-ға ұлғаюы байқалады.

«Оқу кезеңінің басталуына байланысты орта және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде кадрларға деген сұраныс жоғары: қазіргі уақытта қажеттілік 10,2 мың бос жұмыс орнын немесе барлық бос жұмыс орындарының 12% — ын құрайды. Бос жұмыс орындарының көпшілігі Қарағанды (899 бос орын), Жамбыл (792 бос орын) және Алматы (737 бос орын) облыстарында орналастырылды. Жалпы Қазақстан бойынша мұғалімдердің орташа жалақысы 109,4 мың теңгені құрайды», – деді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Басқарушы директоры Александра Молчановская.

Ең сұранысқа ие рейтингте екінші орында ауыл шаруашылығы және тұрғын үй құрылысы кәсіпорындары (4 мың бос жұмыс орны немесе 5% — дан) тұр. Бұл ретте ауыл шаруашылығы саласындағы бос орындардың 36%-ы Түркістан облысына тиесілі, ал құрылыс саласындағы бос орындардың жартысына жуығы (43%) Нұр-Сұлтан қаласында жарияланған.

Осы жылдың шілде айында біліктілігі төмен қызметкерлерге сұраныс өткен аймен салыстырғанда 2 есеге, 50,6 мыңнан 28,7 мыңға дейін төмендеді, ал ұсыныс 11% — ға, 29,1 мыңнан 25,8 мыңға дейін төмендеді.

«Сонымен қатар еңбек нарығының қажеттіліктері мен орташа білікті мамандарды ұсыну арасындағы теңгерімсіздік күшейе түсті. Мәселен, орта білікті мамандарға арналған бос орындар саны ұсыныстан 1,7 есе асып түсті: 38,9 мың бос орын, 23,6 мың түйіндеме. Ал ЭЕБ-да жұмыс берушілердің жоғары білікті мамандарға деген қажеттілігі – орналастырылған бос жұмыс орындары санының 17% — ы ғана», – деп бөлісті Александра Молчановская.

Мамандықтар бойынша орта медициналық қызметкерлер – 1,2 мың бос жұмыс орны сұранысқа ие болды. Бос жұмыс орындары мен түйіндемелер арасындағы мамандардың жетіспеушілігіне байланысты ең үлкен алшақтық жоғары оқу орындарының оқытушылары арасында байқалады – 1331 бос орын – 945 түйіндеме, дәрігерлер – 1772 бос орын – 605 түйіндеме, күзетшілер – 1685 бос орын – 463 түйіндеме және тәрбиешілер – 1450 бос орын –990 түйіндеме.

Сонымен қатар, жұмыс іздеушілер арасында ең үлкен профицит заңгерлерде (1143 бос орынға 331 түйіндеме), экономистерде (182 бос орынға 457 түйіндеме), фельдшерлерде (174 бос орынға 735 түйіндеме), вахтерлерде (130 бос орынға 864 түйіндеме), курьерлерде (123 бос орынға 465 түйіндеме) және білікті емес жұмысшыларда (1245 түйіндемеге 644 бос орын).

Өңірлік бөліністе ізденушілер тарапынан белсенділік негізінен Жамбыл (5,5 мың түйіндеме) және Ақтөбе (4,7 мың түйіндеме) облыстарында – 3 есеге жуық, Шымкент қаласында – 2 еседен астам (6 мың түйіндеме), Алматы қаласында – 1,8 есе (3,5 мың түйіндеме) өсті. Өткен аймен салыстырғанда түйіндеменің жалпы саны мұғалімдерден 2,3 есеге (2,8 мыңнан 6,5 мыңға дейін түйіндеме), заңгерлерден – 1,7 есеге (677-ден 1143 түйіндемеге дейін) және тәрбиешілерден 1,6 есеге (609-дан 990 түйіндемеге дейін) өсті.

Сұратылған жалақының ең жоғары мөлшерін көбінесе өз түйіндемелерінде авиация инженерлері арасындағы ізденушілер көрсетеді – 3,3 млн теңге, жоғары буын басшылары – 2 млн теңге, бас аудиторлар, ғарыш инженерлері, бас директорлар – 1 млн теңгеден астам. Ал жұмыс берушілер ұшқыштарға орташа есеппен 900 мың теңге, бас құрылысшыларға – 700 мың теңге, жөндеу – механикалық шеберханасының меңгерушілеріне және бұрғылау жөніндегі супервайзерлерге – 600 мың теңге еңбекақы төлеуді ұсынады.

Жұмыс іздеушілер тарапынан белсенділіктің өсуіне және жұмыс берушілерден сұраныстың төмендеуіне қарамастан, кейбір кадрларға жалпы тапшылық айқын. Біліктілігі төмен ізденушілер тарапынан байқалып отырған қызығушылықтың бәсеңдеуі маусымдық жұмыстармен байланысты.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Жасөспірімдер арасында өткен футболда Жамбыл облысы топ жарды!

Жасөспірімдер арасында өткен футболда Жамбыл облысы топ жарды!

13.05.2025
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы тағайындалды

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы тағайындалды

13.05.2025
Ұн мен астық экспорты 34%-ға өсті – АШМ

Ұн мен астық экспорты 34%-ға өсті – АШМ

13.05.2025
Тоқаев Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

Тоқаев Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

13.05.2025
Алматылықтарға ескерту жасалды

Астана мен Алматы тұрғындарына ескерту жасалды

13.05.2025
«Жемқорлыққа жол жоқ»

Сыбайлас-жемқорлықпен күресудің жолдары

13.05.2025
Энергия тапшылығы жағдайында майнерлер 1 млрд кВт*сағ-қа дейін энергия тұтынып отыр — Смайылов

Энергия тапшылығы жағдайында майнерлер 1 млрд кВт*сағ-қа дейін энергия тұтынып отыр — Смайылов

13.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты