• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Шетелде төлқұжат жоғалса не істеу керек?

Ел аралап, жер көру – ең құнды рухани инвестиция. Бүгінде шекара, мұхит асып саяхаттайтын туристер саны күннен күнге артуда.

16.04.2024
0
Шетелде төлқұжат жоғалса не істеу керек?
212
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Саяхат кезінде адамдар түрлі эмоцияларды кешіп, тосын жағдайларға тап болып жатады. Әсіресе шетелде төлқұжатты жоғалту оқиғалары көп кездеседі. Осындай ситуацияда сан саққа сабылмай, қарапайым нұсқаулықтарды орындауға кеңес береміз.

Шетелде төлқұжат жоғалттыңыз ба немесе танысыңыз осындай оқиғаға тап болды ма? Олай болса жат жерде паспорттың жоғалғандығын хабарлайтын екі негізгі орын бар: олар жергілікті полиция басқармасы және консулдық бөлім немесе сіздің еліңіздің елшілігі. Паспортыңыз шетелде ұрланса немесе жоғалса, сол мезетте жергілікті полиция басқармасына хабарласыңыз. Өйткені ірі туристік қалалардың орталықтарында туристерге арналған арнайы туристік полиция учаскелері жұмыс істейді. Олар туристердің тосын оқиғаларына дереу жәрдем көрсетуге бейім. Және туристік полиция мәселенің бірнеше шешу жолдарын бағыттайтын туристік дос десек те болады. Сондай ақ  өз еліңіздің ең жақын елшілігіне немесе консулдығына хабарлауды естен шығармаңыз. Құжат табылмаған жағдайда оны ауыстыру үшін қажетті шараларды қабылдауға көмектеседі.

Елшiлiктер мен консулдықтар көбінесе мемлекеттердің астаналарында немесе iрi қалаларда орналасқан. Егер ұйымдар сіз орналасқан аймақтан алыс болса, ресми мекемелерге паспортсыз жету үшін сізге автобусты немесе көлік пайдалануға тура келеді. Себебі әуе кемесімен құжатсыз ұша алмайсыз. Егер сіздің республикаңыздың елшілігі немесе консульдығы нақты бір мемлекетте болмаған жағдайда, жақын жердегі басқа мемлекетте орналасқан ел елшілігімен байланысуға тырысыңыз.

Елшілікке жүгінген кезде сізден төлқұжатыңызды жоғалту туралы өтініш толтыруды сұрауы мүмкін. Түсініктеме барысында барлық қажетті ақпаратты дұрыс бергеніңізге көз жеткізіңіз және құжатты толтыру жөніндегі барлық нұсқаулықтарды сақтаңыз.

Елшілікте сізден жоғалған паспорттың көшірмесі, жүргізуші куәлігі, туу туралы куәлік немесе басқа да сәйкестендіру құжаттары сияқты жеке басыңызды растайтын құжаттар сұралады. Консулдыққа немесе елшілікке жүгінген кезде сізге уақытша құжатты алу үшін қандай құжаттар қажет болатынын қосымша хабарлайды. Анығын айтқанда, жаңа паспортты рәсімдеу үшін қосымша мынадай құжаттар сұратылуы мүмкін: паспорт үлгісіндегі фотосуреттер, азаматтықты растау және басқа да формальдылықтар. Барлық қажетті құжаттар ұсынылғаннан кейін уақытша құжатты алу үшін консулдық немесе елшілік берген нұсқаулықтарды орындаңыз. Сондай-ақ мемлекеттік БАЖ салығын төлеу қажет болады. Содан соң елшілік немесе консулдық сізге уақытша құжат береді. Сіз уақытша берілген құжатпен шет мемлекеттен елге ұшақпен қатынай аласыз.

Сiз шалғайдағы аймақта немесе консулдықтан алыс орналасқан  болсаңыз, жаңа төлқұжатты біршама уақыт күтуіңіз мүмкін. Тіпті бірнеше айлап күтуіңіз бек мүмкін. Шыдамды болыңыз және өтінішіңіздің мәртебесі туралы ақпаратты жаңарту үшін консулдық бөліммен үнемі байланыста болуға тырысыңыз.

Жеке деректеріңіз бен қолданыстағы визаларыңыз бар төлқұжат беттерінің көшірмесін немесе сапалы фотосуретін жасаңыз. Бұл файлды өзіңіздің электрондық поштаңызға жіберуге немесе оны басқа электрондық жүйеде  сақтауға болады. Ең дұрысы электрондық поштада сақтағаныңыз сенімді әрі қауіпсіз жол екендігін айта өткеніміз жөн. Ал елге кіргеннен кейін келу туралы белгісі бар паспортта мөртаңбаның суретін түсіріңіз керек.

Барлық төлқұжаттарды бір жерде сақтамауды ұсынамыз. Мәселен, жүргізуші куәлігін багажға салып, паспортты қолға алғаныңыз дұрыс. Бұл әдіс бір құжатты жоғалтқан жағдайда екінші құжатты сақтап қалуға көмектеседі.

Сапар кезінде құжаттарды жоғалтпау үшін оларды өзіңізбен бірге туристік орындарға алып кетпегеніңіз абзал. Ең дұрысы құжаттарды қонақ үйдің сейфінде қалдырыңыз.Шет елдік паспортты шетелде өзіңізбен алып жүруге кеңес береміз. Кез келген уақытта тәртіп немесе күзет сақшылары тоқтатып, құжатыңызды сұрауы мүмкін немесе өзіңіздің жеке қажеттіліктеріңізге көмегін тигізеді. Сенімді жерде ұстауды ұмытпағайсыз.

Шетелде төлқұжатты жоғалту жағымсыз әсерге бөлейтіні белгілі. Десе де, тыныштықты сақтау, консулдықпен немесе елшілікпен мүмкіндігінше тезірек байланысу және олардың нұсқаулықтарын орындау арқылы мәселенің тез шешілуіне септік боласыз. Қарапайым нұсқаулықтарды орындай отырып, сіз жоспарларыңызға тез оралып, саяхатыңызды жалғастыра аласыз.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Су бұру жүйелерін дамытуға 25 млрд теңге бөлінді

Су бұру жүйелерін дамытуға 25 млрд теңге бөлінді

01.07.2025
Қазақстанның он өңірі 100% сумен қамтылды

Қазақстанның он өңірі 100% сумен қамтылды

01.07.2025
Енді жетім балаларды кәсіби қабылдаушы отбасылар қамқорлығына алады

Енді жетім балаларды кәсіби қабылдаушы отбасылар қамқорлығына алады

01.07.2025
Қарағандыда қайтарылған активтер есебінен 51 медициналық нысан сатылады

Қарағандыда қайтарылған активтер есебінен 51 медициналық нысан сатылады

01.07.2025
«Миссия невыполнима» актеры Астанаға келмек

«Миссия невыполнима» актеры Астанаға келмек

30.06.2025
Ауыл шаруашылығы санағына дайындық аясындағы листинг кезеңі аяқталды

Ауыл шаруашылығы санағына дайындық аясындағы листинг кезеңі аяқталды

30.06.2025
Жамбыл мен Павлодар облыстары бірігіп педагогикалық кадрларды даярлау сапасын арттырмақ

Жамбыл мен Павлодар облыстары бірігіп педагогикалық кадрларды даярлау сапасын арттырмақ

30.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты