Ведомствоның ресми өкілі Талғат Уәли 31 қазанда өткен баспасөз мәслихатында бес сараптама тағайындалғанын атап өтті.
«Бұл – мәйітке сараптама, өрттің шығу себептерін анықтау, фототехникалық сараптама, үш молекулярлық-генетикалық және биологиялық сараптама аяқталды, қалғандары полицияға жіберілді, тергеу амалдары жүргізілуде», — деді Талғат Уәли.
4 қазан күні Талғарда жаппай төбелес болып, оның барысында 16 жастағы Шерзат Полат пышақ жарақатынан қаза тауып, тағы екі адам жараланған. 12 қазанға қараған түні марқұм жасөспірімнің отбасының үйі өртеніп кеткен.
Осы оқиғадан кейін бірден оқиға орнында жедел штаб құрылып, отбасы қорғауға алынды. 15 қазанда Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша ұсталғандар саны 10 адамға жеткені белгілі болды. 18 қазанда Алматы облыстық полиция департаменті Шерзат Полаттың өліміне қатысты тағы бір күдіктінің ұсталғанын хабарлады.
2022 жылдың тамыз айынан бері Талғар ауданының прокуроры қызметін Ескендір Бекманов атқарып келеді. 2024 жылдың 18 қазанында ол қызметінен босатылды. Онымен бірге 2022 жылдың шілдесінен бері Алматы облысы прокурорының орынбасары қызметін атқарған Саян Бәкіров та креслодан айырылды. 30 қазанда жаңа прокурор тағайындалды.
Айта кетейік, аудандық және облыстық прокуратураның қызметкерлері ғана қызметтен босатылған жоқ. 19 қазанда Алматы облысының полиция департаментінде басшылық ауысты. Сәл бұрын, 15 қазанда Талғар әкімі Бақыт Күрішбеков пен оның орынбасары Матан Сағындық, сондай-ақ Талғар ауданы әкімінің басшысы Аслан Қасымбаев қызметтерінен айырылды.