Шекара қызметі ақпанда шекарадан Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзған 3 216 адамды ұстаған, соның ішінде 18 шетелдік шекараны бұзғаны үшін ұсталған; 8 шетелдіктің шекараны бұзу әрекетінің жолы кесілген.
Мемлекеттік шекара арқылы 1 552 заңсыз алып өту дерегінің алды алынған, соның ішінде:
- 33-і — есірткі заттары, сондай-ақ, 800 литр прекурсор бар;
- 71 — қарулар мен оқ-дәрілер (4 ату, 1 сигналдық, 135 суық қару, 1 граната, 50 оқ-дәрі, 13 электрошокер);
- 29 — діни әдебиет (555 дана);
- 638 — жалпы сомасы 20 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (54 000 литрден аса);
- 627 — жалпы сомасы 3,7 млрд теңгеден аса тұтыну тауарлары;
- 154 — жалпы сомасы 1,6 млрд теңгеден аса шетел валютасы.
Каспий акваториясында 7 браконьерлік дерегінің алды алынды, сондай-ақ, 4 жүзу құралы, жалпы ұзындығы 13,6 шақырым болатын браконьерлік аулау құралдары; 87 (522,3 кг) бекіре тұқымдас балық тәркіленген.
Алды алынған залал сомасы 205 млн теңге болады.
Бұл деректер бойынша материалдар құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.
«Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ, барлық өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеп жатыр», — деп жазылған хабарламада.