Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Шығыс-Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарының ауылдық жерлерінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, өзекті мәселелерін шешуге бағытталған ҮЕҰ мен бастамашыл топтардың әлеуметтік жобаларын іске асыру үшін шағын гранттарға байқау жарияланады.
8 өңірге бөлінетін грант соммасы 8 000 000 теңгені, 1 өңірге 1 000 000 теңгені құрайды. Байқау аясында жеңімпаздар анықталып, әр қайсысы 100 000 (жүз мың) теңгеден 500 000 (бесжүзмың) теңге көлемінде шағын гранттар алады.
- Грантқа өтініш беру мерзімі: 13 мамыр – 01 маусым 2021ж. (Нұр-Сұлтан қ., уақытымен 18.00 дейін)
- Байқау комиссиясының өтініштерді қарау мерзімі: 02 маусым – 10 маусым 2021ж.
- Жеңімпаздарды анықтау: 11 маусым 2021ж.
- Жобаны жүзеге асыру мерзімі: келісім шартқа қол қойғаннан бастап 31 қазан 2021ж. дейін
Байқауға қатысу өтінімдерін camokz.05@gmail.com электронды поштасына жіберу қажет. Тақырыбын Жергілікті өзін-өзі басқару бойынша әлеуметтік жобалар байқауы деп көрсету қажет.Байқау ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және КЕАҚ «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» қолдауымен жүзеге асырылатын «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» атты жобасы аясында өткізіледі.Байқау шарттарымен толығырақ байқау ережесінде танысуға болады
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған өтінім формасы
Бастамашыл топтарға арналған өтінім формасыБасқа да мәселелер бойынша сұрақтарыңыз болса, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Желтоқсан 78\202 кб мекен-жайға, 87011209069, islam.bayern@gmail.com жүгіне аласыздар!