Отырысқа Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департамент басшысы Дәмеш Үскімбаева, облыс әкімдігінің білім басқарма басшысының орынбасары Айдын Досыбаева, білім саласында кәсіподақ өкілі, заңгер Жанболат Орынбеков, білім саласының ардагерлері Айша Ниязбекова, Жанар Орынбаева және орган мүшелері қатысты. Арнайы отырысқа Жамбыл ауданы білім бөлімнің басшысы Зауре Абдрасилова мен «Жамбыл дарыны» мекемесінің басшысы Майра Есеналиева шақырылды.
Күн тәртібіндегі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұсынған ауылдық мектеп оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың бірінші кезеңінде «академиялық адалдық» принциптерін бұзған 3 педагогке қатысты мәселе қаралды.
— Орын алған жәйттар педагог мәртебесін түсіруде. Қайткенде де «академиялық адалдық» принципін ұстану қажет. Педагогтар өз кінәларын толықтай мойындады. Білместіктен болғандықтарын алға тартты.
Кеңес мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, пікірлер айтылды. Отырыс қорытындысы бойынша білім басқармасына Заңнамаға сәйкес шаралар қабылдау ұсынылды.