«Бес ай ішінде үш мыңнан астам азамат өз құқықтарын конституциялық қорғауға жүгінді. Бұл сандар азаматтардың жаңа органға деген қызығушылығын ғана емес, өтініш білдіргендердің әрқайсысының өз құқықтарын қорғауға деген ұмтылысын растайды»,-деді ол.
Келіп түскен өтініштердің жартысынан азы соттардың шешімдерімен келіспеушілікке қатысты. Бұл ретте Эльвира Асимова Конституциялық Соттың сот шешімдеріне баға беруге құқығы жоқ екенін атап өтті.
«Өтініштердің тағы бір бөлігі тұрғын үй және еңбек қатынастарының сот актілерін орындамау, әлеуметтік қорғау, жазаны орындау, ақпаратқа қол жеткізу, жеке тұлғалардың банкроттығы және басқа да мәселелерге қатысты. Өтініштердің төрттен бір бөлігі ғана, яғни 26%-ы азаматтар заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілердің конституциялылығын тексеруді сұрайды»,-деп атап өтті Эльвира Асимова
Өтініштердің көбі Астана, Алматы, Қостанай облысының тұрғындарынан келіп түскен.
Ол сондай-ақ қабылданған 18 нормативтік қаулының бесеуінде нормалар конституциялық емес деп танылғанын, қалған бес жағдайда-Конституциялық Сот бірыңғай құқық қолдану мақсатында тиісті нормаларға түсініктеме бергенін хабарлады.