Сенатор Бекболат Орынбеков Жамбыл облысының Қордай ауданында болды.
Онда жергілікті халықтың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі инфрақұрылым мен әлеуметтік жобаларды іске асыру барысымен танысты.
Сенатор халықпен кездесу барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетінде жарияланған сұхбатында айтқан өзекті мәселелерді талқылауға ерекше назар аударды.
Парламент Сенатының баспасөз қызметі