Жамбыл облысы Жамбыл ауданы орталық ауруханасының қызметкерлеріне қатысты сот үкімі шықты деп хабарлайды «TURANINFO.KZ» ақпарат агенттігі.
Бүгін Жамбыл ауданы сотының судьясы Сабит Қалдыбаевтың төрағалық етумен Жамбыл ауданы орталық ауруханасының бас дәрігері Алтай Саурықов, аурухана бас дәрігерінің орынбасары Сауле Сұлтанова және есепші Асель Жанибекова қатысты сот үкімі шықты.
Сот үкімі бойынша Саурықов кінәлі деп танылып, 58 млн теңге айыппұл төлеу қажет.
Ал, Сұлтанова мен Жанибековаға әр қайсысына 4 жыл 8 ай шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
Сотта Саурықов пен Сұлтанова өз кінәларын мойындамады. Судьяның пікірінше айыпталушылардың кінәсі сот сараптамасымен толық дәлелденді.
Сонымен қатар, Сауле Сұлтанованың туған бауыры Жоғары сотта судья.
Алтай Саурықовты Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы жұмыстан шығарған болатын. Алтай Мұхтарұлы сотқа жүгініп, Тараз қалалық сотының 13.11.2019 жылғы сот шешімімен қайта жұмысына оралған болатын.
Сот үкімі күшіне енген жоқ.