Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру мекемесінің офицерлік құрамымен өрт сөндіру жетекшілері ретінде Тараз қаласындағы «Grand» сауда нысанында өрт-тактикалық сабағы өтті.
Сабақтың мақсаты объектіні жедел-тактикалық тұрғыдан зерделеу, адамдарды эвакуациялауды ұйымдастыру, шұғыл қызметтерді хабардар ету, мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері келгенге дейін қолда бар құралдармен өртті сөндіру бойынша нысан тұлғаларының бастапқы іс-қимылдарын пысықтау болып табылады. Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамымен сабақ барысында нысанның конструктивтік ерекшеліктеріне
зерделеу жүргізілді, эвакуациялық шығу жолдары, өрт сөндіру үшін күштер мен құралдарды енгізу жолдары, кіру орындары және арнайы техниканы орналастыру әдістері жан-жақты зерделенді.
Сондай-ақ, нысандағы өрт сөндіру жүйесі пысықталып, базар аумағында орналасқан сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтауға түзету жұмыстары жүргізілді. Сабақ аяқталғаннан кейін нысан тұлғаларымен бірлесе отырып, шара қорытындыланды. Шара соңында өрт сөндіру және аварилық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру тобының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Мейіржан Айманов базардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша одан әрі іс-қимылдарды жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын жеткізді.
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру қызметінің Қоғаммен байланыс тобы