«Жамбыл-адалдық алаңы» жобасының қызметкерлері білім саласында жемқорлықтың деңгейін анықтау бойынша қаладағы № 6, 8, 9, 20,26 балабақшаларда 78 тәрбиеші мен 98 ата-аналар арасында жасырын сауалнама жүргізді.
Нәтижесінде 7 тәрбиеші ақша жинау фактісімен кездескенін, 3–уі мереке, тексеріс, басшылардың туған күндерінде ақша жинайтынын, 9-ы жұмысқа таныс арқылы кіргендерін, 3 ата-ана балабақшаға ақша жинайтындарын көрсетті.